• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Еңбек дауын сотсыз шешуге болады

2026-01-22, 11:18
Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек дауы туындаса, мәселені шешудің жалғыз жолы сотқа жүгіну емес екенін екінің бірі біле бермейді. Шын мәнінде, мұндай жағдайда тиімді әрі заңмен бекітілген өзге тетіктер де бар. Соның бірі – кәсіпорындарда жеке еңбек дауларын сотқа дейін қарау үшін құрылатын татуластыру комиссиясы. Бұл ұйым «Қостанай минералдары» АҚ-да  бірнеше жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді.
 
Заңнама талаптарына сәйкес, еңбек жанжалы туындаған жағдайда татуластыру комиссиясына жүгіну – алғашқы әрі міндетті кезең. Тек осы рәсімнен кейін ғана тараптар сотқа жүгіну құқығына ие болады. Яғни, еңбек дауын ең әуелі кәсіпорынның өз ішінде, өзара келісім арқылы шешуге мүмкіндік беріледі.
Комиссияның құзыретіне еңбек заңнамасын қолдану, еңбек және ұжымдық шарттардың орындалуы немесе өзгертілуіне байланысты қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы реттелмеген келіспеушіліктерді шешу кіреді. Сонымен қатар, комиссия қарастыратын мәселелер ауқымы кең. Олардың қатарында: жалақы бойынша қарызды өндіріп алу; еңбек шартының шарттарын өзгерту; тәртіптік жазаларды қолдану; жұмыста қайта қалдыру; Еңбек кодексі, келісімшарттар және ұжымдық шарттар бойынша кепілдіктер мен өтемақыларды беру; жалақыдан ұсталымдар; еңбек кітабындағы қателіктер мен кемшіліктер; сондай-ақ заң бойынша тек соттың құзыретіне жатпайтын өзге де еңбек даулары бар.
Татуластыру комиссиясы – формальдылық емес, еңбек құқықтарын қорғаудың нақты құралы. Ол қызметкер мен жұмыс берушіге даулы мәселені заң аясында мәдени жолмен шешуге мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы – жанжал туындаған сәттен бастап мәселені сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік беру арқылы екі тараптың мүддесін қорғау болып табылады.
Айта кетейік, қала құраушы кәсіпорынның татуластыру комиссиясы сегіз адамнан тұрады және оның құрамына жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының өкілдері кіреді. Мұндай құрылым әр өтініштің объективті әрі салмақты қаралуын қамтамасыз етеді. Егер қызметкерде еңбек дауы туындаса, ол татуластыру комиссиясының хатшысы Г.Е. Нұрпейісоваға жазбаша өтініш беруі тиіс, байланыс телефоны – 8 777 301 22 31. Барлық түскен өтініштер арнайы журналға міндетті түрде тіркеледі. Қажет болған жағдайда қызметкерге дауды қарау тәртібі түсіндіріліп, өтініш нұсқасын нақтылауға, қосымша құжаттарды жинауға көмек көрсетіледі. Егер кейбір құжаттар жұмыс берушінің қолында болса, комиссия оларды өз бетінше сұратады. Сонымен қатар, қызметкердің іс қаралғанға дейін өтінішін қайтарып алу құқығы бар. Барлық қажетті материалдар жиналғаннан кейін татуластыру комиссиясының отырысы өткізіледі. Оның тәртібі сот процесіне ұқсас болса да, іс-шара кәсіпорын шеңберінде өтеді. Отырыста қызметкер, жұмыс беруші өкілдері, қажет болса куәгерлер мен мамандар қатысады. Комиссия әр тараптың пікірін тыңдап, құжаттар мен іс жағдайларын зерттейді. Отырыстың соңында ашық дауыс беру арқылы қызметкердің өтінішін қанағаттандыру немесе кері қайтару туралы шешім қабылданады.
Егер қызметкер комиссияның шешіміне разы болмаса, ол сотқа жүгіне алады. Дегенмен, сот талап арызды қарастыру үшін татуластыру комиссиясының шешімін міндетті түрде талап етеді – бұл рәсімсіз іс қабылданбайды.
Татуластыру комиссиясының тиімділігін нақты статистика да растайды. Өткен жылы комиссияға 9 өтініш түсті: бір өтініш қызметкер мүддесіне қанағаттандырылды, біреуі қызметкердің өз бастамасымен қайтарылды, қалғандары бойынша өтініштер кері қайтарылды. Бұл шешімдерге риза болмаған қызметкерлер сотқа жүгінгенімен, барлық іс сотта жұмыс берушінің пайдасына шешілген. Бұл комиссияның кәсіби жұмысын және шешімдерінің заңдылығын айқын көрсетеді.

Интересное

Трудовой спор  можно решить без суда
Новости Трудовой спор можно решить без суда Мало кто знает, что в ситуации, когда между работником и работодателем возникает трудовой спор, по мимо…
Еңбек дауын  сотсыз шешуге болады
Новости Еңбек дауын сотсыз шешуге болады Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек дауы туындаса, мәселені шешудің жалғыз жолы сотқа жүгіну…
От ученика токаря до  начальника завода
Новости От ученика токаря до начальника завода Человеческий след бывает разным. Один быстро стирается, другой сохраняется в воспоминаниях друзей и родных.…
Өндірістегі сенімді  қадамдар
Новости Өндірістегі сенімді қадамдар strong2026 жылдың бірінші айы аяқталуға жақын, ал қала құраушы кәсіпорын — Қостанай минералдары АҚ-ның…
Вперед к  производственным вершинам!
Новости Вперед к производственным вершинам! strongПервый месяц 2026 года близок к своему завершению и подразделения градообразующего предприятия…

Смотрите так же

Трудовой спор  можно решить без суда
Трудовой спор можно решить без суда 2026-01-22, 11:18
Еңбек дауын  сотсыз шешуге болады
Еңбек дауын сотсыз шешуге болады 2026-01-22, 11:18
От ученика токаря до  начальника завода
От ученика токаря до начальника завода 2026-01-22, 11:17
Өндірістегі сенімді  қадамдар
Өндірістегі сенімді қадамдар 2026-01-22, 11:16
Вперед к  производственным вершинам!
Вперед к производственным вершинам! 2026-01-22, 11:15
Через призму ценностей
Через призму ценностей 2026-01-22, 11:15

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»