2025 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдіктер рейтингінің көшбасшылары қатарына енді.
2026-01-24, 03:57
2025 жылы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген кешенді бағалау нәтижесінде Қостанай облысы республикалық рейтингте жетекші орындарды иеленді.
@bes.media_ басылымы жариялаған деректерге сәйкес, ел бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасының орташа бағасы 4,86 балды құрады, ал әкімдіктер қызметіне толық қанағаттану деңгейі 86,7%-ға жетті. Аталған екі көрсеткіш те өткен жылдармен салыстырғанда жоғары нәтиже көрсетті.
Қостанай облысы ел бойынша ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті — 4,98 балл және халықтың жергілікті атқарушы органдар қызметіне толық қанағаттану деңгейі 96,6% болды.
Бұл жоғары көрсеткіштер көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, өңір әкімдігінің жұмысының тиімділігін, сондай-ақ облыс тұрғындарының оң бағасын айғақтайды.