Үстел теннисі: Жітіқарадағы спорттық бәсеке
2026-01-24, 04:15
24 қаңтар күні Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Қостанай минералдары» АҚ мен серіктес кәсіпорындардың спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыстар өтті. Жарыс таңғы уақыттан басталып, үш сағатқа жуық созылды.
Сайыс барысында қатысушылар шапшаңдылық, дәлдік пен жоғары шеберліктерін көрсетті. Әр кездесу тартысты өтіп, спорттық рух пен өзара құрмет айқын сезілді. Жарыстар жоғары деңгейде және жағымды көңіл күйде өтті.
Нәтижесінде Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «МехЛитКом» командасы иеленсе, үшінші орын автокөлік кәсіпорны командасына бұйырды.
Төртінші орын мен «Хризотил» филиалының арнайы жүлдесіне тау-кен көлік кешені командасы ие болды.
Спартакиада жалғасуда, ал мұндай жарыстар алдағы жеңістердің берік негізін қалайды.