Шахмат тақтасындағы тартыс
2026-01-25, 07:45
«Қостанай минералдары» АҚ мен серіктес кәсіпорындар арасындағы спартакиада аясында кезекті жарыс — шахмат бәсекесі өтті. Бұл спорт түрі қатысушылардан физикалық күштен гөрі терең ойлау, байыптылық пен дәл есепті талап етеді.

Жарыс барысында ойыншылар әр партияда жоғары дайындық пен стратегиялық шеберлікті көрсетті. Шахмат тақтасы басындағы тартыс тек бәсекеге ғана емес, өзара сыйластық пен іскерлік қарым-қатынасқа да толы болды. Қатысушылар әр жүрісті мұқият саралап, қарсыластың келесі қадамын болжауға тырысты.

Нәтижесінде, ұпай саны бойынша кәсіпорын басқармасының командасы көш бастады. Одан сәл ғана қалып, екінші орынды энергобасқармасы командасы иеленді.
Үшінші орын Тау-кен көлік кәсіпорны командасына бұйырды.
Ал төртінші орын мен «Хризотил» филиалы тағайындаған арнайы жүлдені байыту кешенінің командасы жеңіп алды.
Шахмат сайысы спартакиада қатысушыларының зияткерлік әлеуетін айқын көрсетіп, командалар арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті.