Жітіқара ауданында оқырмандарға арналған байқау басталды
2026-01-30, 01:23
Жітіқара ауданында «Кітап оқитын ұлт» республикалық акциясы аясында оқуды қолдау, кітапты ілгерілету және халық арасында тұрақты оқырман мәдениетін қалыптастыру бойынша оқырмандар конкурсы басталады.
Байқау үш номинация бойынша өтеді: «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер».
Оқу конкурсының қорытындысы әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталады, олар дипломмен және ақшалай сыйақымен марапатталады:
I орын 50 000 (елу мың) теңге
II орын 30 000 (отыз мың) теңге
III орын 20 000 (жиырма мың) теңге
Өтініштер 10 ақпанға дейін Жітіқара қаласы, 5 В-13 мекенжайы бойынша жазбаша немесе электрондық түрде қабылданады.
E-mail kniga-jitikara@yandex.kz Анықтама телефоны: 2-09-53 немесе +7 700 292 4198