• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Еңбекпен бекіген біліктілік

2026-02-05, 03:14
Біз «Қостанай минералдары» АҚ-ның Құрмет тақтасына енген, кәсіби еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Марапат иелерінің бірі — кәсіпорын басқармасының қаржы бөлімінің жетекші экономисі Нұратаева Жанат Ғалымқызы. Ол комбинатта ширек ғасырға жуық уақыт бойы табанды еңбек етіп келеді.
 
«Мен мектепті бітірген кезде қатарластарымның көбі бухгалтер, мұғалім немесе заңгер мамандықтарын таңдады. Ал мен өзімді мұғалім ретінде елестете алмадым, заң саласы да маған жақын болған жоқ. Сондықтан инженер-экономист мамандығын таңдадым. Әкем мені қолдап: «Қай мамандықты таңдасаң да, тек қазақ бөлімінде оқы», – деді. Сөйтіп, мен шетел тілін меңгерген экономист мамандығы бойынша оқуға түстім».
 
Оқу нәтижесінде Жанат Ғалымқызы қазақ, орыс және неміс тілдерін еркін меңгерді. Студенттік шағы аяқталар тұста ол тұрмысқа шығып, Жітіқара ауданына оралу жөнінде шешім қабылдады. 2000 жылы университетті тәмамдағаннан кейін бірден «Қостанай минералдары» АҚ-на жұмысқа орналасты. Еңбек жолының басталуы оңай болған жоқ: жас маманға жаңа ортаға тез бейімделіп, алға қойылған міндеттер мен талаптарды қысқа уақытта меңгеруге тура келді.
 
«Әрине, бастапқыда оңай болған жоқ. Жас маман ретінде университеттен кейін көп нәрсені бірден түсіне бермейсің, ал жұмыс барысында тез шешім қабылдап, көптеген міндеттерді қатар атқаруға тура келеді. Дегенмен менің жолым болды — тәжірибелі, білікті тәлімгерлерім бар еді. Ол кезде қаржы бөлімін Любовь Филиппова басқарды, қаржы директоры Сергей Алейников болды. Ал бухгалтерияның бас есепшісі Гүлнара Акчалова еді. Бөлімде Галина Вебер мен Тамара Беляева да еңбек етті. Мен сол кісілерден көп нәрсе үйрендім»
 
Уақыт өте келе Жанат Ғалымқызы өз кәсібіне терең бойлай түсті. Бағдарламалар, жұмыс тәсілдері мен талаптар өзгергенімен, негізгі қағида өзгеріссіз қалды — үздіксіз үйрену және іске жауапкершілікпен қарау.
 
«Қазірдің өзінде де: Енді бәрін толық меңгердім деп айта алмаймын. Себебі уақыт алға жылжып, жаңа бағдарламалар мен жаңа талаптар пайда болып отырады. Меніңше, қанша уақыт жұмыс істесең, сонша уақыт үйренесің»
 
Сырт көзге қаржы маманы тек сандармен ғана жұмыс істейтіндей көрінуі мүмкін. Алайда шын мәнінде бұл салада адамдармен қарым-қатынас аса маңызды. Қаржы бөлімі кәсіпорынның өзге құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, ал соның нәтижесінде өндірістік үдерістердің үйлесімділігі қамтамасыз етіледі.
 
«Біз қолданатын барлық сандардың артында адамдар тұр»
 
Бүгінгі жұмыс ортасы туралы айта келе, Жанат Ғалымқызы әріптестерін ерекше құрметпен атап өтеді:
 
«Қазіргі таңда қаржы директоры — Орумбаева Исламбек Нұртайұлы. Біздің бөлімде қаржы бөлімінің басшысы Исмуратова Жаныл Қомшабайқызы, қаржы бөлімінің экономисі Макова Динара Мұратқызы еңбек етеді. Бүгінде бұл – мықты, креативті әрі заман талабына сай қалыптасқан ұжым».
Жанат Ғалымқызының пікірінше, қаржы саласында табысты еңбек ету үшін тек кәсіби білім ғана емес, сондай-ақ еңбекқорлық, ынта мен төзімділік сияқты жеке қасиеттер де аса маңызды. Ол осы ұстанымды қызметтен тыс өмірінде де басшылыққа алады.
Бұрын Жанат ханым бүкіл уақытын балаларының тәрбиесіне арнады. Бүгінде олар ер жетіп, өзге қалаларда оқып, өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты оның жеке қызығушылықтарына көңіл бөлуге мүмкіндігі көбейді. Қазіргі таңда ол кітап оқуға ден қойып, спорт пен белсенді қозғалысты өмірінің маңызды бөлігіне айналдырған. Волейбол мен теннис ойнап, би үйірмелеріне қатысады, бассейн мен фитнес сабақтарына барады. Жанат Ғалымқызы спортты әрдайым балаларына да үлгі етіп, салауатты өмір салтын адам өмірінің ажырамас негізі деп санайды.
«Қызым 10-сыныпта оқып жүргенде Жітіқарадағы “Горняк” кешенінде үлкен теннис үйірмесі болатын. Кешкі уақытта оны жалғыз жібермей, өзім бірге еріп жүретінмін. Қазір ол Астанада тұрып, тенниспен басқа деңгейде айналысып жүр, мен әрдайым қолдау көрсетемін. Спорт адамның денсаулығы үшін аса маңызды деп санаймын».
 
Көпжылдық табанды еңбегі, кәсіби жауапкершілігі және қаржы қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін Нұратаева Жанат Ғалымқызының есімі «Қостанай минералдары» АҚ-ның Құрмет тақтасына лайықты түрде енгізілді. Бұл – бір салада, бір ұжымда ширек ғасырдан астам атқарылған еңбектің жемісі мен жеңісі.

Интересное

Профессионализм, проверенный временем
Новости Профессионализм, проверенный временем Мы продолжаем рассказывать нашим читателям о работниках АО Костанайские минералы, чья профессиональная…
Еңбекпен бекіген біліктілік
Новости Еңбекпен бекіген біліктілік Біз Қостанай минералдары АҚ-ның Құрмет тақтасына енген, кәсіби еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер туралы…
Жітіқараның жас хоккейшілері облыстық гимназиадада қола медаль иеленді
Новости Жітіқараның жас хоккейшілері облыстық гимназиадада… Даулет КМ командасының 2009–2013 жылы туған жас хоккейшілері Қостанай қаласында өткен, ұлы ағартушы Ыбырай…
Житикаринцы завоевали бронзу на областной гимназиаде по хоккею!
Новости Житикаринцы завоевали бронзу на областной… Наши юные хоккеисты Даулет КМ 2009–2013 г.р. показали свой стальной характер на Областной зимней гимназиаде…
Глава государства провел переговоры с Премьер-министром Пакистана Шахбазом Шарифом
Новости Глава государства провел переговоры с Премьер-министром… Переговоры Касым-Жомарта Токаева с Шахбазом Шарифом продолжились в расширенном формате с участием делегаций…

Смотрите так же

Профессионализм, проверенный временем
Профессионализм, проверенный временем 2026-02-05, 03:15
Еңбекпен бекіген біліктілік
Еңбекпен бекіген біліктілік 2026-02-05, 03:14
Жітіқараның жас хоккейшілері облыстық гимназиадада қола медаль иеленді
Жітіқараның жас хоккейшілері облыстық гимназиадада қола медаль иеленді 2026-02-05, 01:58
Житикаринцы завоевали бронзу на областной гимназиаде по хоккею!
Житикаринцы завоевали бронзу на областной гимназиаде по хоккею! 2026-02-05, 01:56
Глава государства провел переговоры с Премьер-министром Пакистана Шахбазом Шарифом
Глава государства провел переговоры с Премьер-министром Пакистана Шахбазом Шарифом 2026-02-05, 01:12
Стимул быть первым
Стимул быть первым 2026-02-05, 09:22

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»