Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан РеспубликасыКәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі СатыбалдыДәулеталиннің жетекшілігіменҚазақстанның жаңа Конституциясы жобасынталқылау бойынша кездесуөтті. Іс-шараға ҚРКФ қызметкерлері мен Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің басшыларымен өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, ҚРКФ Төрағасы елдежүргізіліпжатқан конституциялық реформаның тарихимаңыздылығын атапөтті.
.jpeg)
«Біздің еліміздеауқымды қоғамдық-саяси өзгерістер жүріп жатыр, олардың бастауы Мемлекетбасшысының өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауындақаланды. 2025 жылдың қазан айынан бастап арнайыкомиссия парламенттікреформа бойыншажұмыс істеді, қазір бұл жұмыс конституциялық комиссия шеңберінде жалғасуда. Осы кезең ішіндеконституциялық реформа бойынша саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерденжәне ел азаматтарынан2000-ға жуық ұсыныс түсті. Қарау ашық форматтаөтуде. 30қаңтарда Конституция жобасы жарияланып, қоғамда кеңінен талқыланды. Біздің бүгінгі талқылауымыз – бұл революция да, кенеттенжасалған демократиялық секірісте емес. Бұл — көптеген мәселелердің тек бірғана шешімқабылдау орталығына тәуелді болуынанқұтылу әрекеті. Бұл жұмысшы, мұғалім, дәрігер мен кеншіүшін неліктенмаңызды? Себебі, биліктек бірадамға ғана бағынуды қойған жердеортақ ережелер орнайды. Ал ережелербар жердееңбек адамының өз дауысынестіртугезаңды құқығы пайда болады», — деді СатыбалдыДәулеталин.
Конституция жобасының негізгі ережелерінҚРКФ Төрағасының орынбасарыНұрлан Өтешев таныстырды. Ол жобадакөрініс тапқан биліктің саяси, халықаралық құқықтағы, цифрлық дәуірдегі құқықтар мен отбасылық құндылықтардағы өзгерістерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішіндееңбек етуқұқығы мәселелеріне егжей-тегжейлітоқталып өтті.
«Қолданыстағы Конституцияда«еңбек етубостандығы» бекітілген, ал жаңа жобада– «еңбек етуқұқығы» депкөрсетілген. Бұлекеуінің айырмашылығы үлкен. Еңбек етубостандығы дегеніміз— ешкім жауапкершілік алмайтынжайғана мүмкіндік екенінтүсінуіміз керек. Ал Конституциядағы еңбек етуқұқығы — мемлекеттің халықты жұмыспен қамтамасыз етуге тікелейжауапты болатынын білдіреді», — дептүсіндірді Нұрлан Өтешев.
Талқылау кезіндеөңірлердегі әріптестер Негізгізаңның ұсынылған баптарытуралы ойларын айтып, сұрақтарын қойды.
Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов Конституция жобасынталқылаудың ашық жүріп жатқанына тоқталды.
«Қазақстан тарихындатұңғыш рет Негізгізаңның жобасыашық талқыланып жатыр. Әрбіразаматтың Конституцияға өз ұсынысын қосуға мүмкіндігі бар. Бұл халық пікірінің қазір өте маңызды екенінкөрсетеді», — дедіТөлеген Күнәділов.
Алматықаласы Кәсіподақ орталығының төрайымы Зәуреш Өмірбаева, Шымкент қаласыКәсіподақ орталығының төрағасы БауыржанӘлтеев және Қызылорда облысыКәсіподақ орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев бұл реформалардың ел болашағы үшін маңызы зор екенін айтты.
«Кәсіподақтар федерациясының конституциялық комиссия жұмысына қатысуы — еңбекшілердің мүддесін қорғайтын мықты, құқықтық мемлекетқұруға қосылған үлес», — деді Зәуреш Өмірбаева.
«Конституция жобасықарапайым адамның мүддесіне арналған. Ондаадамның қадір-қасиетін қорғауға кепілдік беретін негізгіқұқықтар жазылған», — депой бөлісті БауыржанӘлтеев.
«Жобадаалғаш ретмемлекеттің жұмысшы алдындағы міндеттерінақтыланған: қауіпсіз әрі таза еңбек жағдайы, ешқандай кемсітусізлайықты жалақы алужәне заңды әлеуметтік көмек алуқұқығы бекітілген. Бұл— жобаның бастыартықшылығы», — дедіҚРКФ бас техникалық инспекторы Марат Имаш.
Қостанай облысыКәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Аронова заң шығару бастамасына кімдер ие болатынынсұрады. Солтүстік Қазақстан облысыКәсіподақ орталығының төрағасы ЕрікНұрақаев әлеуметтік серіктестердің бірлесіпжұмыс істеумәселесін көтерді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы СатыбалдыДәулеталин жобаның ең маңызды тұстарын атапөтті.
«Жаңа Конституция — бұл мемлекеттібасқарудың жаңа жүйесін құратын және қарапайым азаматтықорғауға бағытталған жаңа қоғамдық келісім. Бұл жобаның негізі— адам. Ондаөмірсүру, еңбек етуқұқығы мен адамбостандығы нақты жазылған. Ережелеранық болса, еңбек адамының дауысыестіледіжәне оләділдікке қол жеткізе алады. Жаңа Конституция — адамқұндылығы жүйеден жоғары тұратын заң», — дедіҚРКФ Төрағасы.
Заң шығару бастамасынатоқталған СатыбалдыДәулеталин, ендібұл құқыққа Президент, Үкімет және Парламенттенбөлек, төртінші субъект — Халық кеңесі ие болатынын айтты.
«Халық кеңесі арқылы кәсіподақтар заңдарды әзірлеуге және маңызды шешімдерге тікелейәсер ете алады. Бұл — біз пайдалануымыз керекүлкен мүмкіндік», — деді олжәне Ұлттық құрылтай арқылы шешілгенмәселелерді мысалға келтірді.
«Көп жылдар бойыҮкіметпен келісеалмаған «Лайықты еңбек бағдарламасы» тек Құрылтайда айтылғаннан кейінғана алға жылжыды. Президенттің тапсырмасымен біз арнайы Жол картасын бекіттік. ЕндіЛайықты еңбек ұлттық бағдарламасын қабылдауға жақынбыз. Тағы бірмаңызды іс— 131-ші Конвенцияны(ең төменгі жалақы туралы) ратификациялау. Бұл мәселені тәуелсіздік алғалы берікөтеріп келеміз, тек Құрылтайдан кейінғана Президент тиістіЖарлыққа қол қойды. Бұл жұмысшылардың жағдайын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Сондықтан Халық кеңесі сияқты органдардың Конституцияда болуыөте маңызды. Бұл кәсіподақтардың рөлін күшейтіп, қоғамдық бақылауды жаңа деңгейге көтереді», — дедіҚРКФ Төрағасы.
Жалпы, СатыбалдыДәулеталин Негізгізаңның кез келген мемлекетүшін қасиетті «Тәуелсіздік» пен «Егемендік» ұғымдарын нығайтатынын айтты. Конституцияның Кіріспесіндеалғаш ретҚазақстан халқының ҰлыДала өркениетінің мұрагері және бес мың жылдық мемлекеттіліктарихының жалғастырушысы екенінақты жазылған.
Жиынсоңында СатыбалдыДәулеталин әр азаматтыКонституция жобасыменмұқият танысуға шақырды және кәсіподақ басшыларынабұл жұмысты еңбек ұжымдарында белсендіжүргізуді тапсырды.
«Конституция қабылданған күннен емес, адамдар солзаңмен өмір сүрген күннен бастапжұмыс істейді. Бұл — ең қиын кезең. Негізгізаңның еңбек адамыүшін шынайықорған болатыны немесе жайғана қағаз болыпқалатыны осыған байланысты. Конституция әркімге қатысты, сондықтан бейжайқалуға болмайды. Реформаларсәтті болуыүшін әрқайсымыз оның мәнін түсінуіміз керек», — дептүйіндеді ҚРКФ Төрағасы.
ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы