Ракетка — жеңіске бастар жол
2026-02-09, 10:49
7 ақпан күні Жітіқара қаласында БЖСМ-нің бұрынғы директоры Жулаев Аманжол Барлықұлын еске алуға арналған үстел теннисінен ашық турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде жарыс «Jitiqara-arena» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.
Турнирге Денисов, Бейімбет Майлин, Жітіқара аудандарынан және Ресей Федерациясының Бредин ауданынан келген спортшылар қатысты. Барлығы 31 қатысушы өзара мықтыны анықтады.
Жарыста «Қостанай минералдары» АҚ қызметкерлері де жоғары нәтиже көрсетті. МӨҚҚ бөлімше командирі Малик Тулубаев пен электр жабдықтарын пайдалану жөніндегі аға шебер Андрей Бисембаев турнирдің көркін қыздырды.
Сайыс қорытындысы бойынша Бисембаев Андрей Талғатұлы күміс жүлдеге ие болса, Тулубаев Малик Альбекұлы төртінші орынды иеленіп, «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» арнайы жүлдемен марапатталды.
Ұйымдастырушылар турнирдің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді.