Референдум алдында учаске нөмірі мен мекенжайын анықтау жолы
2026-02-19, 05:08
Құрметті жітіқаралықтар!
Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен өзіңізді тексеріп, Call-орталықтардың мына 8 (71435) 2-00-56, 8 (71435) 2-20-51 нөмірлері бойынша өз учаскеңіздің нөмірін және мекен-жайын нақтылай аласыз.
Референдум күні қоңырау шалу барысында мамандар дауыс беру рәсімдерін және учаскелердің жұмысына қатысты барлық заңнамалық нормаларын түсіндіре алады.
Естеріңізге сала кетейік, референдум 15 наурызда өтеді. Жаңа Конституция жобасы бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.
Жобаның мәтінімен біздің сайтта таныса аласыз — сілтеме профиль тақтасында орналастырылған, сондай-ақ стористе қол жетімді.