• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі

2026-02-27, 03:31
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесіп, Жаңа Конституция жобасын талқылады. Дөңгелек үстелге этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жас көшбасшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысының негізгі кезеңдеріне тоқталып, бұл құжат мемлекет болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жаңа Конституция – тек негізгі заңнамалық құжат және құқықтық акт қана емес, сонымен бірге мүдделер тепе-теңдігін айқындайтын және қазақстандық қоғамның заманауи сұранысы мен үміт-тілегін бейнелейтін қоғамдық келісімнің бір түрі. Ол преамбулада ынтымақ, өзара құрмет және ел болашағына ортақ жауапкершілік құндылықтары бекітілгенін атап өтті. Оның айтуынша, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты қоғам тұтастығын нығайтады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева институционалдық жаңару мен биліктің барлық тармағын жаңғыртудың маңызына тоқталды. Ол ұсынылып отырған өзгерістер қоғамның шешім қабылдау ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, құқықтар мен бостандықтардың берік кепілін бекітетінін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай үйлесім мемлекет пен азамат арасындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым кемел моделін қалыптастырып, әрбір адамның шығу тегі мен мәдени ерекшелігіне қарамастан, өзін қорғалған әрі мемлекет дамуына шынайы қатысы бар екенін сезінуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ата Заңда қоғамдық келісім, халықтың ауызбіршілігі, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық диалог қағидаттарының мемлекет үшін іргелі құндылықтар ретінде бекітілгеніне назар аударды. Сонымен қатар баршаға ортақ тең мүмкіндіктер кепілдігі Халық Кеңесі арқылы дамитынын атап өтті. Бұл орган этномәдени бірлестіктерді, мәслихаттарды және азаматтық секторды біріктіреді.
Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл жаңа Конституция әділетті, дербес әрі қуатты Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін айтты. Оның пікірінше, құжат халық шешімін құрметтеуге, қоғамдық келісімді сақтауға және өзара сенім мен ортақ жауапкершілікке негізделген жарқын болашақ құруға бағытталады. Сондай-ақ ол бұл үдерісте диалог орнатып, салт-дәстүрлерді сақтап, өзара құрметтің үлгісін көрсететін этномәдени орталықтар ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Қостанай облысындағы «Бірлік» Әзербайжан қауымдастығының төрағасы Рафаил Гаджибалаев пен Қостанай облысындағы «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Наталья Рамазанова жаңа Конституцияның мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлік пен волонтерлік қызметті дамыту ісіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ олар Халық Кеңесінің қоғам бірлігін одан әрі нығайтатын алаң ретіндегі маңызына тоқталды.
Кездесу қорытындысында Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізді. Олардың айтуынша, аталған құжат азаматтардың сұранысын ескеріп, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтады. Осы тұрғыда алдағы референдум ашық, біртұтас әрі прогрессивті Қазақстанды таңдау мүмкіндігі ретінде бағаланды.

Интересное

Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі
Новости Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды… Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері…
Выиграть КМ Лигу мечтает каждый
Новости Выиграть КМ Лигу мечтает каждый Очередной сезон КМ Лиги по хоккею с шайбой подошел к концу. Определен чемпион сезона, а также обладатели…
Волонтеры добрых дел
Новости Волонтеры добрых дел Молодежный совет АО Костанайские минералы с радостью принял участие в благотворительной акции Снежный…
Неделя встреч
Новости Неделя встреч strongНа этой неделе члены Коалиции по конституционной реформе и депутаты партии AMANAT провели встречи…
Более 78% граждан поддерживают новую Конституцию
Новости Более 78% граждан поддерживают новую Конституцию В преддверии общенационального референдума по проекту новой Конституции Республики Казахстан общественные…

Смотрите так же

Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі
Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі 2026-02-27, 03:31
Выиграть КМ Лигу мечтает каждый
Выиграть КМ Лигу мечтает каждый 2026-02-24, 03:36
Волонтеры добрых дел
Волонтеры добрых дел 2026-02-23, 12:26
Неделя встреч
Неделя встреч 2026-02-23, 12:23
Более 78% граждан поддерживают новую Конституцию
Более 78% граждан поддерживают новую Конституцию 2026-02-23, 11:54
Проверить себя в списке на референдум: житикаринцам открыли call-центр для избирателей
Проверить себя в списке на референдум: житикаринцам открыли call-центр для избирателей 2026-02-19, 05:20

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»