• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

«Байтақ» партиясы референдумнан кейінгі алғашқы Саяси кеңес отырысын өткізді

2026-03-17, 06:07
2026 жылғы 16 наурыз күні Астана қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бұл – жаңа Конституция бойынша өткен референдумнан кейін ұйымдастырылған алғашқы маңызды жиын.
 
Отырысқа Саяси кеңестің 19 мүшесі, партияның өңірлік филиалдарының 20 жетекшісі және 26 мәслихат депутаттары қатысты. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінен аудандық филиалдардың басшылары бақылаушы ретінде онлайн форматта қосылды.
 
Жиынды партия төрағасы Азаматхан Әміртаев ашып, референдумның басты нәтижесіне тоқталды. Оның айтуынша, «Байтақ» партиясы Астанадан бастап ең шалғай өңірлік бөлімшелерге дейін жаңа Конституцияны бірауыздан қолдап дауыс берген. Бұл – партия мүшелерінің ортақ ұстанымы мен ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
 
«Байтақ» – экологияны жай ұран емес, нақты саяси бағдарлама ретінде ұстанған партия. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауды алғаш рет конституциялық қағидат әрі әр азаматтың міндеті ретінде бекіткен жаңа Конституцияның қабылдануы партия үшін саналы әрі біртұтас шешім болды.
 
Жиын барысында референдум алдындағы кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Дауыс беруге дайындық кезінде партия еліміздің барлық өңірінде 500-ден астам кездесу, пікірталас және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды. Онлайн байланысқа шыққан өңірлік филиал басшылары жергілікті жерлерде партия мүшелерінің дауыс беру процесіне белсенді қатысқаны жөнінде баяндады. Сонымен қатар жиынға қатысушылар партия мүшелерін және барша қазақстандықтарды жаңа Конституция күнімен құттықтады.
 
Талқылау қорытындысы бойынша партия алдағы кезеңдегі жұмыс басымдықтарын айқындады. Атап айтқанда, жаңа Конституцияда бекітілген экологиялық нормаларды нақтылайтын заң жобаларын әзірлеу және қоғамдық бақылауды күшейту негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді.
 
Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев өз сөзінде жаңа мемлекеттік мерекенің маңыздылығына да тоқталды. Енді 15 наурыз — референдум өткен күн — Қазақстан Республикасының Конституция күні болып жарияланды. Бұған дейін 30 тамызда аталып келген Конституция күні тарих бетінде қалды.
 
«Бұл – терең символдық мәні бар шешім. Жаңа Конституция мұрағаттың тыныш бөлмелерінде емес, бүкіл халық келіп өз таңдауын жасаған күні дүниеге келді. Бұл – ел болып бірге қалыптастырған мереке», – деді ол.
 
Сөз соңында партия төрағасы жаңа кезеңнің жауапкершілігін атап өтті.
 
«Конституция еліміздің дамуына берік құқықтық іргетас қалады. Ендігі міндет – сол негізді нақты заңнамамен толықтырып, оны өмірде жүзеге асыратын пәрменді тетіктер қалыптастыру», – деді Азаматхан Әміртаев Саяси кеңес отырысының қорытындысында.

Интересное

«Байтақ» партиясы референдумнан кейінгі алғашқы Саяси кеңес отырысын өткізді
Новости «Байтақ» партиясы референдумнан кейінгі алғашқы… 2026 жылғы 16 наурыз күні Астана қаласында Қазақстанның Байтақ жасылдар партиясының Саяси
Партия «Байтақ» провела первое заседание Политсовета после референдума
Новости Партия «Байтақ» провела первое заседание… 16 марта в Астане состоялось заседание Политического совета
Новая Конституция принята
Новости Новая Конституция принята В Центральной комиссии референдума подвели итоги голосования по принятию новой Конституции.br  br Референдум…
С 1 апреля изменится порядок отбора на государственную службу
Новости С 1 апреля изменится порядок отбора на государственную… Изменения предусмотрены
Мероприятия, посвященные празднованию Наурыз мейрамы
Новости Мероприятия, посвященные празднованию Наурыз… strong17 марта/strongbr 15.00 часов Фестиваль обрядов среди молодежи Ұлт тәрбиесі – ұрпаққа аманат.…

Смотрите так же

«Байтақ» партиясы референдумнан кейінгі алғашқы Саяси кеңес отырысын өткізді
«Байтақ» партиясы референдумнан кейінгі алғашқы Саяси кеңес отырысын өткізді 2026-03-17, 06:07
Партия «Байтақ» провела первое заседание Политсовета после референдума
Партия «Байтақ» провела первое заседание Политсовета после референдума 2026-03-17, 06:00
Новая Конституция принята
Новая Конституция принята 2026-03-17, 05:24
С 1 апреля изменится порядок отбора на государственную службу
С 1 апреля изменится порядок отбора на государственную службу 2026-03-17, 02:45
Мероприятия, посвященные празднованию Наурыз мейрамы
Мероприятия, посвященные празднованию Наурыз мейрамы 2026-03-17, 12:28
Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған  іс-шаралар жоспары
Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары 2026-03-17, 12:26

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»