• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Тәжірибе – басты күш

2026-03-24, 02:53
Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ерлер арасында волейболдан турнир өтті. Бұл жарыс волейболды өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған жандардың басын қосқан тағылымды кездесу болды. Қатысушылар үшін спорт тек бәсеке емес, сонымен қатар достық пен белсенді өмір салтының көрінісіне айналды.
Жарыс «Қостанай минералдары» АҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Игорь Иванович Гусевтің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне кәсіпорынның өзі басты демеуші ретінде қолдау көрсетті. Ал жарыстың бас төрешісі болып «Хризотил» филиалының төрағасы Александр Коробко қызмет атқарды.
Наурыз мейрамы қарсаңында өткен турнирде алаңға төрт команда шықты: «Перелески», «КМ ардагерлері», Жітіқара волейболының ардагерлерінен құралған «ВДВ» және Мәдениет сарайында жаттығатын спортсүйер жандардан жасақталған «Денсаулық тобы». Алғашқы ойындардан-ақ достық сипатта өткен жарыста ешбір команда жеңісті оңайлықпен бермейтіні байқалды. Қатысушылар ұйымшылдықтарын, тәжірибелерін және шынайы спорттық мінездерін көрсетіп, әр партия тартысты өтті.
Турнир қорытындысы бойынша сенімді жеңіске жылдам әрі үйлесімді ойын өрнегін көрсеткен «ВДВ» командасы жетті. Қиын да тартысты бәсекеде екінші орынды «КМ ардагерлері» иеленді. Үшінші орын Перелески ауылынан келген командаға бұйырды. Ал «Денсаулық тобы» командасы жеңіске деген жігері үшін «Хризотил» филиалының арнайы жүлдесімен марапатталды.
Осындай жарыстар қатысушыларға бас қосып, еркін пікір алмасуға, спорттағы жастық шақтарын еске алуға, белсенді өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар өз үлгілері арқылы жастарға спортқа деген сүйіспеншіліктің жас талғамайтынын көрсетеді.
Ардагерлер кеңесі жарысты ұйымдастыру мен өткізуге қолдау көрсеткені үшін «Қостанай минералдары» АҚ басшылығына, кәсіпорынның спорт бөлімінің басшысы Жангелді Тулубаевқа және Александр Коробкоға алғыс білдіреді.

Интересное

Дастархан, который объединяет
Новости Дастархан, который объединяет  br strongЗапах свежих баурсаков, яркие национальные наряды, накрытые с душой столы и оживлённые разговоры…
Сила опыта
Новости Сила опыта strongВ Житикаре прошёл турнир по волейболу среди мужчин, организованный Советом ветеранов АО Костанайские…
Тәжірибе – басты күш
Новости Тәжірибе – басты күш strongЖітіқара қаласында Қостанай минералдары АҚ Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ерлер арасында…
Наурыз в селе Пригородное
Новости Наурыз в селе Пригородное 22 марта Дом культуры в селе Пригородное вновь открыл двери для масштабных гуляний. Жители и гости встретили…
Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Новости Акция «Правовая юрта» в Житикаре В Житикаринском районе прошёл всеобщий приём граждан в рамках общеобластной акции Правовая юрта, приуроченной…

Смотрите так же

Дастархан, который объединяет
Дастархан, который объединяет 2026-03-24, 02:59
Сила опыта
Сила опыта 2026-03-24, 02:55
Тәжірибе – басты күш
Тәжірибе – басты күш 2026-03-24, 02:53
Наурыз в селе Пригородное
Наурыз в селе Пригородное 2026-03-24, 10:32
Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Акция «Правовая юрта» в Житикаре 2026-03-19, 07:09
Итоги работы полиции
Итоги работы полиции 2026-03-19, 07:06

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»