Біздің адамдар
2026-04-01, 04:44
«ҚМ» спортты қолдайды, ал біздің әріптестер өндірісте ғана емес, жарыстарда да төзімділіктерін тұрақты түрде дәлелдеп келеді. Осы аптада кәсіпорынның слесарі Виктор Качуровский гір спортынан Қазақстан чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Қостанай қаласында өтті.
Виктор ардагерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол серпе көтеру жаттығуында бірінші орынды, сондай-ақ жұлқа көтеру жаттығуында да бірінші орынды иеленді. Әр кезеңді орындауға қатысушыларға он минуттан уақыт берілді. Осы уақыт ішінде спортшы серпе көтеруде жалпы салмағы 32 келі болатын екі гірді 119 рет көтерді. Келесі жаттығуда ол салмағы 16 келі бір гірді он минут ішінде 228 рет көтерді.
Жарыс жеңімпазы жақында 66 жасқа толды. Зейнет жасына жеткеніне қарамастан, ол кәсіпорынның тау-кен көлік кешенінде жылжымалы құрамды жөндеу слесарі болып еңбек етуді жалғастырып келеді.
Виктор Михайловичті шын жүректен құттықтаймыз!