Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары өткізіледі!
2026-04-08, 01:43
Жітіқаралықтардың назарына!
Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары өткізіледі!
Ағымдағы жылдың 08 сәуірінде Жітіқара қаласының аумағында Жітіқара аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы «Жітіқара — Антитеррор-2026» лаңкестікке қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, халық пен автокөлік қозғалысына енгізілуі мүмкін уақытша шектеулерді ескеруге, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз.
Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
Жітіқара аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб