Мектеп формасына қатысты
2021-08-03, 02:11
Облыста жаңа оқу жылына дайындық жүргізілуде.
Ата-аналарды толғандыратын және өзекті мәселелердің бірі мектеп формасы мәселесі болып отыр.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, елдегі эпидемиологиялық қиын жағдайды және отбасылық бюджетке түсетін салмақты ескере отырып, мектеп формасын киюді тағы бір жылға ерікті ету туралы шешім қабылданды.
Келесі оқу жылында балалар мектепке тек мектеп формасымен ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киіммен де бара алатын болады.