• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Пандемиямен күресуге арналған азаматтық штаб вакцина төлқұжатын сатып алғандарға «амнистия жасау» туралы бастамасын жариялайды. 

2021-08-17, 12:29
Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күресуге арналған «Ел үшін егілемін» азаматтық штабына, кейбір отандастарымыздың екпе алмай-ақ вакцина төлқұжатын жасатып алып жатқаны туралы ақапарат түсті. Кейбір азаматтар COVID-19 қарсы вакцина туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен  және одан қорыққандықтан төлқұжат сатып алғанын мойындады. Өкінішке қарай бұл салада да сыбайлас жемқорлық өз жемісін беріп жатыр — жалған вакцина төлқұжаттары мен медициналық қарсы көрсетімдерді сатылып жатыр. Вакцина салуға қатысты жалған құжат жасау бойынша 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды. 
 
Көптеген азаматтар елімізде бар вакциналар туралы ақпаратты зерттеу барысында, сондай-ақ коронавирус індетінің артуы салдарынан ауыр және өлім жағдайларының көбеюіне байланысты қателескендерін түсінді және вакцина салу арқылы шынайы иммунизация алғысы келеді. Бірақ олар мәліметтер базасында вакцина салғызды деп көрсетіліп тұрғандықтан бұны жасай алмайды. Бұл адамдардың COVID-19 вирусын жұқтырып ауырып қалу қаупі өте жоғары. 
 
Азаматтық штаб, адамдарды бұл мәселе бойынша жалғыз қалдыру адамгершілікке жатпайды деп санайды, сондықтан ол адамдардың қателігіне қарамастан, оларға рақымшылық жасауды ұсынады. Жалған вакцина төлқұжатын сатып алған және осы қатесін түзеткісі келетін отандастарымыз вакцина салу орталығына келіп, қол жетімді вакцинаны ала алады. Бұл үшін оны жазалауға болмайды. Алайда, әділдікті қамтамасыз ету үшін вакцина салу ақылы болуы керек.
 
Азаматтық штаб, мемлекеттің негізгі күресі жалған төлқұжат сататындармен, вакцинаны жойып жатқандармен, сондай-ақ жалған медициналық қарсы көрсетілім құжатын беретін адамдармен болуы керек деп санайды. Ал азаматтарымызға вакцина алудың қаншалықты қажет екенін түсіндіріп, оларға барлық тиісті ақпаратты беруі керек. 
 
«Құрметті азамат, егер сіз қандай да бір себептермен вакцина салдырмай төлқұжат алған болсаңыз, онда емханаға келіп, кез келген қолда бар вакцинадан салдырыңыз. Сіз бұны өз денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалу үшін және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жасайсыз. Вакцинасыз сіз коронавирустың ең ауыр зардаптарынан, соның ішінде өлімнен жеткілікті деңгейде қорғала алмайсыз» — деп, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, РАМТ академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Азаматтық штабтың жетекші сарапшыларының бірі Вячеслав Локшин үндеу жолдайды. 
 
Қазақстандағы коронавирус пандемиямен күресуге арналған азаматтық штаб Қазақстан үкіметін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шеңберінде рақымшылық жасау механизмін әзірлеу үшін жұмыс тобын құруға шақырады және сарапшылар қауымдастығы арасында пікір алмасу және осы мәселе бойынша оңтайлы шешім қабылдау үшін ортақ алаңға айналуға дайын. 
 
Ақпараттық анықтама: 
Қазақстанда 2021 жылдың 3 тамызында тәуелсіз белсенділер бірлесті және  «Ел үшін егілемін» атты Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күресуге арналған азаматтық штаб құрды. 
 
Азаматтық штабтың миссиясы — COVID-19 қарсы вакцинасы туралы мүмкіндігінше объективті ақпарат беру және азаматтарды вакцинацияға үгіттеу. 
 
Ұйымдастырушыладың мақсаты халықтың 70-80% вакцина салу арқылы COVID-19 індетімен ауыратындардың және өлім жағдайларының санын азайта отырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастырып елді ковидтен бұрыңғы ескі өмірге  қайтару. 
 
Азаматтарға вакцина салудың қажеттігі туралы сенімді ақпарат алуға көмектесуге дайын белсенділердің арасында белгілі медицина мамандары, кәсіпкерлер, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар, соның ішінде: Вячеслав Локшин, Жібек Жолдасова, Рафаил Розенсон, Динара Сәтжан, Рахым Ошақбаев, Саида Таукелева, Майра Измайлова және тағы басқалар бар. Жалпы алғанда, бастамашыл топқа қазірдің өзінде елді вакцина туралы пікірлердің хаосынан алып шығу үшін әрқайсысы өз білімін, кәсіби тәжірибесін және басқа да ресурстарын қолдануға дайын 200-ден астам жоғары білікті мамандар кірді. 
 
#елүшінегілемін #вакцинируйся #вакцинируйсяради 
 
Facebook: «Ел үшін егілемін. Вакцинируйся» тобы, https://www.facebook.com/groups/1515116602176278
 
Telegram: «Инфо канал поддержки вакцинации» каналы  
https://t.me/joinchat/6h4KGZYk43tlYjli 
 
WhatsApp: «Канал поддержки вакцинации» чаты 
https://chat.whatsapp.com/BnndOxlw0UPITwPjDT3edf. 
 
WhatsApp: «Дискуссии за вакцинацию» чаты 
https://chat.whatsapp.com/FjxExCDdI2x0IWgPnwAQtw
 
БАҚ үшін байланыс нөмірлеріміз: +7 701 034 4560, Ботагөз Қалдаякова 

Интересное

Ұлттық волонтерлік желі өкілдері қазақстандықтарды жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды
Новости Ұлттық волонтерлік желі өкілдері қазақстандықтарды… 2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі Жаңа Конституция жобасын талқылау және…
Национальная волонтерская сеть поддержала конституционную реформу и обратилась к казахстанцам
Новости Национальная волонтерская сеть поддержала… 9 февраля 2026 года в городе Астане Национальная волонтёрская сеть провела круглый стол на тему Обсуждение…
К победе с ракеткой!
Новости К победе с ракеткой! В субботу, 7 февраля, в Житикаре прошёл открытый турнир по настольному теннису, посвящённый памяти директора…
Ракетка — жеңіске бастар жол
Новости Ракетка — жеңіске бастар жол 7 ақпан күні Жітіқара қаласында БЖСМ-нің бұрынғы директоры Жулаев Аманжол Барлықұлын еске алуға арналған…
Житикара на пьедестале областного чемпионата
Новости Житикара на пьедестале областного чемпионата В городе Лисаковск прошел чемпионат Костанайской области по летнему президентскому многоборью в закрытых…

Смотрите так же

Ұлттық волонтерлік желі өкілдері қазақстандықтарды жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды
Ұлттық волонтерлік желі өкілдері қазақстандықтарды жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды 2026-02-09, 05:59
Национальная волонтерская сеть поддержала конституционную реформу и обратилась к казахстанцам
Национальная волонтерская сеть поддержала конституционную реформу и обратилась к казахстанцам 2026-02-09, 05:57
К победе с ракеткой!
К победе с ракеткой! 2026-02-09, 10:53
Ракетка — жеңіске бастар жол
Ракетка — жеңіске бастар жол 2026-02-09, 10:49
Житикара на пьедестале областного чемпионата
Житикара на пьедестале областного чемпионата 2026-02-09, 10:40
Конституция и семья: что меняется?
Конституция и семья: что меняется? 2026-02-06, 04:54

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»