«SUMMER SPRINT FESTIVAL»

~2 мин чтенияПросмотров: 5
Рубрики: В регионе Люди

4 пен 18 жас аралығындағы 200-ден астам жас спортшы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Summer Sprint Festival» жеңіл атлетика фестивалінде өз бақтарын сынады. Ауқымды спорттық шараны «Қостанай минералдары» АҚ мен «KM Run Club» жүгіру клубы ұйымдастырды. Жарыс бағдарламасына 60 метрден 400 метрге дейінгі қашықтықтар енгізілді.

 

Ең кіші жас санатында (2020–2021 жылы туғандар) 100 метрге жүгіруде Александр Чувяков пен Милана Хмиль жеңімпаз атанды. Екінші орынды Имран Кенжебулатов пен Айла Қонысбаева иеленсе, үшінші орын Алиасқар Сисембаев пен Бэлла Сопронюкке бұйырды.
2018–2019 жылы туған қатысушылар арасында осы қашықтықта Алим Сисембаев пен Даяна Омарова үздік нәтиже көрсетті. Күміс жүлдеге Асқар Жаныспаев пен Мирослава Овечкина ие болды. Үшінші орынды Иван Бабич пен Арай Ирбулатова қанжығалады.
200 метрге жүгіру жас спортшылардан жоғары төзімділікті талап етті. 2016–2017 жылы туғандар арасында Матвей Журавлев пен Салтанат Төрешева жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Амир Сарбасов пен Виолетта Хапилина мәреге екінші болып жетсе, Руслан Исимбаев пен Аяулым Өтепбергенова үздік үштікті түйіндеді.
2015 жылы туған спортшылар арасында Сергей Волков пен Полина Муляр бірінші орынға ие болды. Арлан Жүменов пен Лейсан Сайфидинова күміс жүлдегер атанса, Александр Пашин мен Аруна Қазмұхамбетова қола медальға қол жеткізді.
300 метрлік қашықтықта 2014 және 2013 жылы туған қатысушылар бақ сынады. Бұл санатта Аслан Сапарғалеев, Кира Лоцман, Николай Лыпко және Алина Рецлова жеңімпаз атанды. Екінші орын Юрий Лисов, Анель Андербаева, Богдан Решетняк және Надежда Николаеваға бұйырды. Ал Назар Торчанин, Нелли Укасова, Даниил Щур және Елизавета Светлицкая қола жүлдеге ие болды.
Фестивальдегі ең ұзақ қашықтық – 400 метрде жоғары жас санатындағы спортшылар жарысты. 2011–2012 жылы туғандар арасында Назар Донец пен Василиса Багола жеңіске жетті. Екінші орынды Алимжан Рахметов пен Регина Филипович иеленсе, Максим Дорохин мен Ангелина Авилова үшінші орын алды.
Ал 2009–2010 жылы туған қатысушылар арасында Иван Багола мен Алина Хадиева үздік нәтиже көрсетті. Александр Басыров пен Елизавета Семиклет күміс жүлдеге ие болса, Әмір Бримжанов пен Мария Симакович жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Фестиваль тек жүгіру жарыстарымен ғана шектелген жоқ. Қосымша алаңдарда қатысушылар арқанмен секіру және планкада тұру бойынша күш сынасып, шараның серіктесі – «Tassay» брендінің арнайы сыйлықтарына ие болды. Мерекелік көңіл күйді аквагрим аймағы толықтырса, жарыс соңында әрбір балаға тәтті сыйлықтар табысталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, оларға 5 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы мен «Қостанай минералдары» АҚ атынан кинотеатрға сертификаттар табыс етілді. Ауданның әлеуметтік жауапты кәсіпорны балалар бұқаралық спортын дамытуға қолдау көрсету дәстүрін биыл да жалғастырды.

Поделиться записью

Оставьте комментарий