Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекеленген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант жазу тапсырылған болатын.
Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу,ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау,мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында 2023 жыл 4 мамырда сағат 11:00-де Жітіқара ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастырылуымен жалпыұлттық патриоттық диктант өтті. Диктант жазуға мемлекеттік қызметкерлер,тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары мен әдіскерлер қатысты.Сонымен қатар бюджет саласының қызметкерлері,студенттер, мектеп мұғалімдері және оқушылары қамтылды. Жалпы саны 1091 адам. Оның ішінде тілдерді оқыту орталығында 52 адам, ауылдық округтерде 25 адам қамтылды.Сонымен қатар 125 студент, 816 оқушылар, 41 мектеп мұғалімдері мен 32 колледж ұстаздары қатысты.
Тілдерді оқыту орталығы