Жазғы KM QUIZ ойынының «тартымды» жеңісі

~1 мин чтенияПросмотров: 6

14 тамыз күні өткен KM QUIZ жазғы іріктеу ойыны бір алаңда 16 команданы біріктірді.

Қатысушылар қатарында Girl sqqquad, «Не просто красивые», «6 злаков», wejiton, «Заманчивая компания», Жастар кеңесі, «Компас», «Бірлік», Mind Queens, «Базис М», «Антистресс», «Шах и мат», «Коллективный разум», «ОПГ строителей» және «Люди в белом» командалары болды. Бұған дейін финалға жолдама алған «404» командасы бұл жолы ресми есептен тыс қатысып, өз білімдерін сынады.

Көшбасшылық үшін тартыс соңғы кезеңге дейін жалғасты. Ойын тағдырын шешуші раундтағы дұрыс жауаптар айқындады.

Жазғы ойынның жеңімпазы атанған — «Заманчивая компания» командасы. Екінші орынды «6 злаков» иеленсе, үздік үштікті «Не просто красивые» командасы түйіндеді.

KM QUIZ финалында әлі де бір жолдама бос тұр. Күзгі кездесуде сол орынның иесі кім болатынын асыға күтеміз.

Поделиться записью

Оставьте комментарий