2023 жылғы 21-23 мамырда Жітіқара қаласында еркін күрестің негізін қалаушы Николай Васильевич Балобановты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен XIV ашық облыстық турнир өтті.
Жарысқа Қостанай облысының барлық 26 команда, сондай-ақ Алматы облысынан, Ақмола облысынан, СҚО Айыртау, Ақтау қ., Атырау қ., СҚО Новоишимка, Қарағанды қ., Жезқазған қ., СҚО Қызылжар қ., Светлин ауданы және РФ Домбаровка а., Көкшетау қ., Ырғыз қ., Ақтөбе облысы, Орал қ., Астана қ. қонақтар қатысты, барлығы-346 қатысушы.
Жарыста 24-ші салмақ және 3-ші жас топтарында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Жітіқара ауданының еркін күрес бөлімінің келесі тәрбиеленушілері өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз және жүлдегер атанды:
1 орын алған: Есенов Мансур 62 кг, Балтабаев Амирхан 35 кг, Ермошин Иван 32 кг, Петров Ярослав 23 кг, Айтбаев Тамирлан 20 кг, Русак Аруна 45 кг, Ящук Ксения 35 кг, Граб Дарья 32 кг.
2 орын алған: Просолов Никита 68 кг, Торчанин Матвей 57 кг, Палторе Бакжан 52 кг, Жаров Егор 38 кг, Раманкулова Меруерт 38 кг.
3 орын алған: Тимофеев Белал 75 кг, Дудочкин Сергей 48 кг, Коркин Роман, 41 кг, Ищанов Руслан +38 кг, Чуб Арсений 20 кг, Просолова Ульяна 45 кг, Мельник Ольга 38 кг, Ахметова Милана 35 кг.
Номинациялар бойынша: Дмитрий Ящук – «Ең жас балуан» және Русандова Василина «Турнирінің аруы» марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және вымпелдермен марапатталды. Турнирдің жүлдегерлері-медальдармен, грамоталармен.
Ақшалай қаражат меморандум аясында және «Қостанай минералдары» АҚ турнирінің демеушісі ретінде бөлінді.