• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Қардан кейінгі қаланың іші қандай жағдайда?

2024-03-29, 12:44

Аякөз Сұлтан

 

Өкінішке орай, көктем тек жылуымен қуантып қоймай, сонымен қатар қыста қар астында жиналған қоқыстардың көптігімен де біздің көңіл-күйімізді түсіреді.

 

Құрметті жерлестер! Қағаздар, бөтелкелер, сөмкелер, жәшіктер - міне,  осы сияқты қоқыстарға батып өмір сүріп  жатырмыз. Бұл жағдай барлық қалаларда да байқалады, өте өкінішті жағдайдың бірі де осы. Неге біреулер қоқысты контейнерлерге апарып, сұрыптап, тамақ қалдықтарымен бірге энергияны үнемдейтін шамды лақтырмайды, ал біреулер сыра банкасын аяқ астына лақтырып, балконнан темекіні  қалдығын тастаса, сол сәтте тіпті айнала ластанып жатыр деп те ойламайды. «Ақылсыз кісі — қос уыс қоқыс»-деп бекер айтпаған халқымыз, өзіміз тұратын жерді өзіміз ластаймыз.

Қанша аянышты көрінгенімізбен, бұл көрініс біздің мәдени дамуымыздың деңгейін өте айқын көрсетеді. Он балмен бағалайтын болсақ, біз қандай деңгейде тұрмыз деп ойлайсыздар? Әрине, деңгейіміз нөлге түсті деп болжам жасар едім.

Ал бұл жағдай жылдан жылға қайталанып келеді. Бала кезінен мінез-құлық мәдениетін әрбір жанға үйрететін сияқты: үлкендерге құрметпен қарау, «рақмет» және «өтінемін» деп айтуды ұмытпа, көшеде гүлді жұлма, қоқысты қоқыс жәшіктеріне таста. Бірақ оны бәрі бірдей дұрыс қабылдай  бермейді. Адамдарға қоқысты жерге тастамау керектігін түсінуі үшін басқа қалай жеткізуге болады?

Санамыз өзгермейінше, бала-шағамызға жаман өнеге көрсетуді тоқтатпайынша, біз таудай қоқыста тұншығып, ұрпағымыз осы теріс ағымды жалғастыра беретінін түсінуіміз керек. Біз жай ғана оны сөзбен айтып шаршаймыз.Өкініштісі нәтижесі жоқ.

Кәмпит орамасын қоқыс жәшігіне немесе үйден контейнерге салып  апару қиын емес. Әрбір адам осы қарапайым ережелерді сақтаса, қандай тамаша болар еді. Бұл тәсіл көктемгі тазалау жұмыстарын жеңілдетеді! Доңыз сияқты  болмай, адам боп дұрыс өмір сүрейік ағайын!

Интересное

Взяли реванш
Новости Взяли реванш strongБейбит СЕЙЛХАНОВ/strongbr strongМастера клюшки и мяча опередили лучших в первенстве по хоккею…
Стартовала серия игр KM QUIZ 2026!
Новости Стартовала серия игр KM QUIZ 2026! Старт нового сезона прошел на максимальных оборотах и собрал на первой встрече сразу 15 команд! На интеллектуальном…
Быстрее ветра, сильнее мороза...Житикаринские атлеты покорили марафон!
Новости Быстрее ветра, сильнее мороза...Житикаринские… Как проверяется характер и выносливость легкоатлетов? Конечно же участием в зимних марафонах. Как раз…
Комаровское горное предприятие продолжает природоохранную традицию
Новости Комаровское горное предприятие продолжает… Сегодня, 3 марта, ТОО Комаровское горное предприятие совместно с РГУ Тобол-Торгайская межобластная бассейновая…
Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды таңдау мүмкіндігі
Новости Жаңа Конституция – ашық әрі біртұтас Қазақстанды… Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері…

Смотрите так же

Отходит плита – общая беда?!
Отходит плита – общая беда?! 2025-12-24, 11:32
О бедном Барбосе замолвите слово…
О бедном Барбосе замолвите слово… 2024-11-13, 10:39
Иловая гора: решительный шаг к рекультивации
Иловая гора: решительный шаг к рекультивации 2024-11-06, 11:17
Несбыточная мечта - круглый год горячая вода?
Несбыточная мечта - круглый год горячая вода? 2024-10-31, 10:00
Как в Житикаре проходит подготовка к паводковому периоду
Как в Житикаре проходит подготовка к паводковому периоду 2024-10-17, 10:39
Тяжесть на плечах
Тяжесть на плечах 2024-10-03, 09:34

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»