Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қазіргі Қазақстанның басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы ретте түсініспеушілік жиі туындайды. Оның жарқын мысалы ретінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы ЖПИК-не қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасқан бір оқырманымыздың үндеуін айтуға болады.
Әйел, қоғамдық жұмыстарға толық емес жұмыс күнімен орналасқан адамдармен бірге аз ғана жалақы алатынын алға тартады. Неге біз толық уақытты жұмысқа қабылданбаймыз? Жұмыс істеуге деген құштарлық бар. Бірақ 37 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады? – дейді жітіқаралық тұрғын. - Неліктен біз журналға сегіз сағаттық жұмыс күніне қол қоямыз, ал шын мәнінде төрт сағат үшін жалақы аламыз ...
Осы жағдайға байланысты Жұмыспен қамту орталығының басшысы Амангелді Ержановтың пікірін сұраған едік:
– Қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы кең таралған тәжірибелердің бірі. Ағымдағы жылы жұмыс берушілерден 170 қоғамдық жұмыс орнын құруға 46 өтініш түсті. Іс жүзінде 85 қоғамдық жұмыс орны ашылды. Бірақ жоғары тұрған бюджеттерден қаржыландыру лимиті қысқарғандықтан, ХҚКО-да, ауданның кент және ауылдық округ әкімдіктерінде қоғамдық жұмыстарды толық емес жұмыс күні (4 сағаттық жұмыс күні) тәртібінде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Белсенді жұмыспен қамту шараларының бұл түрі уақытша, 12 айдан аспайтынын ескертемін.Егер қызметкер жалақының төмендігіне қанағаттанбаса, онда «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары лайықты жалақымен жұмысқа орналасуға кеңес беруге дайын. . (Анықтама үшін: Жітіқара ауданы бойынша жұмыс берушілердің 100-ден астам бос жұмыс орындары апта сайын Instagram парақшасында жарияланады). 8 сағаттық жұмыс күні үшін қол қоюға қатысты айтар болсақ, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені биылғы жылы қоғамдық жұмыстар толық емес жұмыс күнімен жүргізіліп жатыр және оны тиісті құжаттар растайды. Ай сайын жұмыс берушілер бізге жұмыс уақытының кестесін береді, соның негізінде жалақы есептеледі. Бұл ретте ақпараттың толтырылуы мен дұрыстығына жұмыс беруші жауапты.
Өз кезегінде, ЖПИК-нің өкілдері Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан қызметкерлердің 8 сағаттық жұмыс күніне қол қою фактісін жоққа шығарып, негізгі дәлел – қызметкерлердің нақты жұмыс істеген уақыты – 4 сағатты көрсететін жұмыс уақыты көрсетілген құжаттарды алға тартып отыр.
Бұл жерде қосымша түсініктеме беру артық болар. Бірақ, жұмыс орындарына деген сұраныстың жоғарылығы даусыз, еңбек ақы көлемінің бүгінгі күні төмендігі тағы бар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сокращен лимит финансирования общественных работ
Юлия МИСЮРА
Содействие занятости социально незащищенных слоев населения является одной из приоритетных задач современного Казахстана. Вместе с тем здесь нередко возникает недопонимание. Ярким примером тому является обращение одной из наших читательниц, которая была трудоустроена на общественные работы в ПКСК через Центр занятости населения.
Женщина утверждает, что она, наряду с другими людьми, трудоустроенными на общественные работы на неполный рабочий день, получает маленькую зарплату.
-Почему нас не оформляют на полный рабочий день? Желание работать есть. Но как можно прожить на 37 тысяч тенге? - говорит житикаринка. – И почему в журнале мы расписываемся за восьмичасовой день, а по факту получаем оплату за четыре часа…
Прокомментировать ситуацию мы попросили руководителя Центра занятости населения Амангельды Ержанова:
- Трудоустройство на общественные работы - это одна из самых распространенных практик в сфере содействия занятости социально незащищенных слоев населения. В текущем году от работодателей было принято 46 заявок на создание 170 рабочих мест по общественным работам. Фактически было создано 85 рабочих мест по общественным работам. Но, так как лимит финансирования из вышестоящих бюджетов был сокращен, было принято решение организовать общественные работы в КСК, акиматах сел и сельских округов района на условиях неполного рабочего дня (4-х часового рабочего дня). Отмечу, что данный вид активных мер занятости населения имеет временный характер, не более 12 месяцев. В случае, если работника не устраивает низкая оплата труда, то специалисты КГУ «Центра занятости населения» готовы оказать консультацию для трудоустройства на работу с достойной заработной платой. (Для справки: на странице в инстаграм еженедельно публикуются более 100 вакансий работодателей Житикаринского района). Что касается росписи за 8-часовой рабочий день - эта информация не соответствует действительности, так как общественные работы в этом году проводятся на условиях неполного рабочего дня и подтверждением тому являются соответствующие документы. Ежемесячно работодатели нам сдают табеля, на основании которых и начисляется заработная плата. Вместе с тем, за заполнение и достоверность сведений ответственность несет работодатель.
В свою очередь, и представители ПКСК отрицают тот факт, что работники, трудоустроенные через Центр занятости населения, расписываются за 8 часовой рабочий день, приводя главный аргумент - табеля, где указывается фактически отработанное сотрудниками время, - 4 часа.
Думаем, комментарии здесь излишни. Неоспоримо одно: потребность в создании рабочих мест остается, впрочем, как и проблема невысоких заработных плат.