Көпұлтты ұжым – ортақ мақсат

~1 мин чтенияПросмотров: 16

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні. Біздің ұжым үшін ұлтаралық келісім – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Себебі үлкен ұжымымызда 20-дан астам ұлт өкілдері бір мақсат жолында еңбек етуде.

Мереке қарсаңында кәсіпорында «Dostyq Fest» фестивалі өтті. Құрылымдық бөлімше командалары әртүрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, әріптестеріне ерекше көңіл-күй сыйлады. Биылғы жылы жеңімпаздар мақтау қағазына ғана ие болып қоймай, қомақты қаржылай сыйақылармен марапатталды. Нәтижелер төмендегідей:

• Бас жүлде және 180 мың теңге – Тау-кен көлік кешені (Өзбек мәдениеті)
• І орын және 150 мың теңге – Басқарма (Орыс мәдениеті)
• ІІ орын және 120 мың теңге – Энергия басқармасы (Қазақ мәдениеті)
• ІІІ орын және 80 мың теңге – Байыту кешені (Украин мәдениеті)
• «Достық жеңістен биік» арнайы жүлдесі және 50 мың теңге – Автокөлік кәсіпорны (Грузия мәдениеті)

Әріптестердің мәдениетін тану арқылы біз өзара сенімді нығайтамыз. Бұл – фестивальдің басты құндылығы.

Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бейбітшілік пен жылулық тілейміз.

Поделиться записью

Оставьте комментарий