«Жітіқара ауданының мүгедектер достастығы» ҚБ бірлестігінің өкілдері жүлделі орындарға ие болды

~1 мин чтенияПросмотров: 23

23 қазанда Қостанай қаласында мүгедектігі бар адамдар арасында ұлттық спорт түрлерінен облыстық чемпионат өтті. Қатысушылар тоғызқұмалақ пен асық атудан өзара бақ сынады.

Жарысқа Жітіқара ауданынан Клавдия Андрианованың жетекшілігімен «Мүгедектер достастығы» қоғамдық бірлестігінің 5 өкілі қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз бірнеше жүлделі орынға ие болды.
Тоғызқұмалақтан Майра Мүсрепова бірінші орынға ие болса, асық атудан екінші орын алды.

Дина Костельнюк, Жақсылық Шәріпов және Бақыткүл Наурызбаева тоғызқұмалақ пен асық атудан күміс жүлдегер атанды. Ал Мария Құлан тоғызқұмалақтан үшінші орынға ие болды.

Командалық есепте Жітіқара ауданының өкілдері үшінші орынға табан тіреді.

Жүлдегерлерді құттықтап, алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

Поделиться записью

Оставьте комментарий