Бүгін Жітіқара ауданның барлық мектептерінде соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиындар ерекше көңіл күйде өтті

~1 мин чтенияПросмотров: 28

Бүгін ауданның барлық мектептерінде соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиындар ерекше көңіл күйде өтті. Биыл аудан бойынша 430 тоғызыншы сынып оқушысы мен 186 он бірінші сынып түлегі алтын ұясымен қоштасты.

9-сынып түлектері арасында 12 оқушы үздік аттестатқа үміткер атанып отыр. Оның ішінде алтауы — №12 жалпы білім беретін мектептің, біреуі — №10 жалпы білім беретін мектептің, төртеуі — Абай атындағы мектеп-лицейдің және біреуі — Чайков жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.

Алда түлектерді қорытынды емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсуге дайындық күтіп тұр. 2026 жылғы ҰБТ-ға аудан бойынша 186 мектеп бітірушінің 137-сі қатысуды жоспарлап отыр. Бұл — жалпы түлектер санының 74 пайызы. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы ҰБТ-ға 208 түлектің 158-і қатысқан болатын.

Барша түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, алдағы емтихандарды сәтті тапсыруларына, өз күштеріне сенімді болуларына және алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз.

Поделиться записью

Оставьте комментарий