Таза мекен – берекелі өлке

~1 мин чтенияПросмотров: 25
Рубрики: Люди Общество

Елімізде жыл сайын 5 маусымда аталып өтетін Эколог күні қарсаңында Шортанды өзенінің жағалауында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» ұранымен ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – туған өлкенің табиғатын қорғау, жергілікті су айдындарының тазалығын сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Жағалау аумағын тазалау жұмыстарына мемлекеттік қызметшілер белсенді қатысып, 60-тан астам адам ортақ іске жұмылды. Қатысушылардың ұйымшыл әрі нәтижелі еңбегінің арқасында бір тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының бірі саналатын өзен жағалауының келбеті айтарлықтай жақсарды. Айта кету керек, Қазақстанда бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы өңірімізде де ерекше маңызға ие. Жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен өткізілетін мұндай игі шаралар бүгінде жақсы дәстүрге айналып отыр. Аталған бастамалар қоршаған ортаны тазартуға ғана емес, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, туған өлкені аялау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Табиғаттың тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау жолындағы осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Поделиться записью

Оставьте комментарий