5 маусым күні Қазақстанда кәсіби мереке – Эколог күні атап өтіледі. Бұл дата Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен тұспа-тұс келеді. Эколог мамандардың еңбегі аса маңызды әрі қоғам үшін құнды. Олар күн сайын өндірістің дамуы мен табиғатты сақтаудың арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, қоршаған ортаның тазалығы мен қауіпсіздігін сақтауға үлес қосады. «Қостанай минералдары» АҚ-да бұл жауапты бағыттағы жұмыстарды бес маманнан құралған ұйымшыл әйелдер ұжымы атқарады. Олар күн сайын ауқымды міндеттерді орындап келеді: карьердегі шаңды басу жұмыстарын бақылау, ауа мен су сапасына мониторинг жүргізу, кәсіпорын аумағын көгалдандыру ісін ұйымдастыру, сондай-ақ заманауи экологиялық және жасыл технологияларды енгізу жұмыстарымен айналысады. Экологтар ұжымының кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында кәсіпорында қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұрақты дамудың маңызды қағидалары сақталуда.
«Қостанай минералдары» АҚ-ның экологтар командасын және қоршаған ортаны қорғау саласының барлық мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, табыс, еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілейміз! Табиғатты қорғау жолындағы маңызды қызметтеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Экологияның көркі – арулар