Қолдау көрсетілді

~1 мин чтенияПросмотров: 27

«Қостанай минералдары» АҚ – өндірістік жетістіктерімен қатар, қалыптасқан игі дәстүрлерімен де ерекшеленетін кәсіпорын. Ұжымда жылдар бойы орныққан бастамалар қызметкерлерге қолдау көрсетуге, қоғамның дамуына үлес қосуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында компания тағы бір қайырымды бастама бастады. Биыл ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге қаржылай көмек көрсету қарастырылған. Әр отбасыға 40 мың теңге көлемінде төлем беріледі.

Осы мақсатқа кәсіпорын 1 миллион 240 мың теңге қаражат бөліп, 29 отбасыны қамтып отыр. Бұл шара компанияның өз қызметкерлеріне деген қамқорлығы мен әлеуметтік қолдау көрсету дәстүрінің жалғасып келе жатқанын айқын көрсетеді. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Поделиться записью

Оставьте комментарий