Жітіқара қаласының орталық алаңында жыл сайын 4 маусымда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараның басты сәттері ретінде ауданның мемлекеттік мекемелері мен жетекші кәсіпорындарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеріп, Мемлекеттік Гимнді орындады. Сондай-ақ алаңда туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін патриоттық әндер шырқалды.
Бұл шара еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтің айқын көрінісі болды. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі алғашқы ресми рәміздері бекітілді. Бұл тарихи күн ел шежіресінде Ту, Елтаңба және Гимнді біріктірген мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі сақталады.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері халқымыздың бірлік, бейбітшілік, келісім, достық, ұлттық бірегейлік пен егемендік сияқты басты құндылықтарын бейнелейді. Олар әрбір азамат үшін Отанға деген мақтаныш сезімін нығайтатын маңызды бағдар болып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыруы тиіс.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!