Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

~1 мин чтенияПросмотров: 35

Бірінші қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы жүз он мың теңгеге дейін көтеріледі. Қазір ол — сексен бес мың теңге.

Бұған қаржы Құрылтай депутаттары түпкілікті бекіткен үш жылдық республикалық бюджетте қарастырылды. Тек бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысына жетпіс алты миллиардқа жуық теңге бөлінді. Бұл — мектептер, ауруханалар және басқа да мемлекеттік мекемелердің үш жүз жетпіс мыңға жуық қызметкері.

Жалпы, болжам бойынша, жалақының көтерілуі екі миллионға жуық қазақстандыққа қатысты болады. Сондай-ақ дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің, ең алдымен учаскелік қызметтің жалақысы өседі.

Поделиться записью

Оставьте комментарий