Он алты жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салу көзделіп отыр. Құрылтай депутаттары онлайн-платформалар туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл әлі заң емес: алда тағы екі оқылым бар, нормалар өзгеруі мүмкін.
Жобаға сәйкес, он алты жасқа толмаған балалар әлеуметтік желілерде тіркеле алмайды. Тыйым мессенджерлерге қатысты емес. Депутаттың айтуынша, балалардың бұрын ашылған аккаунттарын жою жоспарланып отыр. Мұны қалай және қай мерзімде жасау әлі шешілген жоқ. Оны жұмыс тобы талқылап жатыр.
Цифрлық даму министрлігі жасты электрондық үкімет арқылы растауды, ал мектептерде интернетті сүзгіден өткізуді ұсынады.