Қостанай – Қарабұтақ тас жолы көктайғаққа байланысты жабылды

~1 мин чтенияПросмотров: 32

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомол – Қарабұтақ» KAZ-19 республикалық тас жолында көліктің барлық түрінің қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шектеу 18 қарашада сағат 11:00-ден бастап 234-шақырымнан 385-шақырымға дейінгі учаскеде – Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовкаға дейін қолданылады.

Қостанай облысының полиция департаменті хабарлағандай, себебі – ауа райының нашарлауы, минус температурадағы жауын-шашын және Ақтөбе облысы аумағында жолдың жабылуы.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, сағат 10:00-ден бастап облыста Қарабалық – Қостанай, Тобыл – Сарыкөл, Тобыл – Әулиекөл және Ұзынкөл – Тобыл учаскелерінде жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынды.

Жолдың қашан ашылатыны әзірге айтылмай отыр. Қандай жолдар ашық екенін «ҚазАвтоЖолдың» 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы білуге болады.

Дереккөз: Қостанай облысының полиция департаменті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

Поделиться записью

Оставьте комментарий