Бұл жолы ҚМ-ға болашақ маркшейдерлер келді – Жітіқара политехникалық колледжінің «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша оқитын 4-курс студенттері.
Маркшейдер – карьердің «көзі»: ол түсірілім жүргізеді, көлемдерді есептейді және тау-кен жұмыстарының жобаға сай жүруін қадағалайды. Сондықтан ҚМ карьерін бақылау алаңынан тұтас көру – студенттердің қазір өтіп жатқан практикасына тамаша сыйлық.
«Кәсіпорын басшылығына үлкен алғыс айтамыз. Бұл тәжірибе студенттеріміз үшін өте маңызды болады», – дейді колледж оқытушысы Нина Кондратюк.
Колледжге рахмет! ҚМ есігі тау-кен ісінде мамандық таңдағандар үшін әрдайым ашық.