• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

М.ЕРАЛИЕВ: БЕЙНЕБАҚЫЛАУ – ҚЫЛМЫСТЫ АШУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

2023-07-26, 10:41

Автоматтандыру және цифрландыру біздің күнделікті өмірімізге жеңілдік әкелді. Олардың  енгізілуімен  көптеген салалардың қызметтері - мобильді, тиімдірек және қызықты болып отыр. Жітіқара қаласы мен Жітіқара аудандық ішкі істер бөлімдерінде соңғы жылдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көптеген өзгерістер орын алды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қолданып жүрген құралдардың арқасында ауданымызда қылмыстың азаюы және құқық бұзушылықтардың ашылуының артуы байқалады. Бұл туралы –ПБ бастығы, полиция полковнигі Мақсүт Көшербайұлы Ералиев  сұхбатында кеңінен тоқталды.

– Бүгінде қаламызда орнатылған бейнебақылау камералары полицияның нағыз көмекшілеріне айналды. Айтыңызшы, соңғы жылдары Жітіқарда қанша бейнекамера орнатылды және олардың барлығы жақсы жағдайда ма?
– Жітіқара қаласының аумағында 136 бейнебақылау камерасы бар және олардың барлығы жұмыс істеп тұр. Бұл қылмысты ашудың ең тиімді құралы екенін айтқым келеді. Біз көптеген қылмыстарды камераның көмегімен ашамыз. Ұрлық, көлік ұрлау, қоғамдық тәртіпті бұзу, жол қозғалысы және т.б. Көбінесе ата-ананың өтініші бойынша жоғалған баланың қайда екенін тез анықтауға болады ... Сонымен қатар, жақын арада бейнебақылау орталығы іске қосылмақ. Барлық камералар мониторларда көрсетіледі. Содан кейін бейнебақылауға жауапты полиция қызметкері нақты уақыт режимінде не болып жатқанын толық шолып, камераларды тәулік бойы бақылайды. Мектептерде орнатылған барлық камералар да осында көрсетіледі.
-Аудандағы барлық оқу орындарында бейнебақылау орнатылған ба? – Аудан мектептері мен балабақшаларында барлығы 453 камера орнатылды: 254 ішкі бақылау камерасы және 199 сыртқы бейнебақылау камерасы. Құсақан мен Мүктікөлден басқа барлық мектептер кезекші бөлімшеге қосылған. Сондай-ақ «Қарлығаш», «Балапан» балабақшаларында, Балалар өнер мектебінде, ДШИ, ШТД-да (ДШИ, ШДТ –на русском расшифровки нужны) бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатар, он мектепте «дабыл» тетіктері орнатылды.
– Ал, осыдан бір-екі жыл бұрын 6-ықшамауданда орнатылған жылдам жауап беру тетігі тұрғындар арасында танымал ма?
– Бұл тетік  халық арасында танымал емес. Барлық уақытта тек үш хабарлама болды.
- Автоматтандыру және цифрландыру тақырыбын жалғастыра отырып, айтыңызшы, бейнежетондары болуы керек қызметкерлердің барлығы олармен қамтамасыз етілген бе?
- Бейнежетондарды патрульдік полиция взводының қызметкерлері алып жүруі керек. Қазіргі уақытта көптеген қолданыстағы бейне таңбалауыштары жарамсыз болып қалды. Бірақ тамыз айында полиция департаменті бұл мәселені шешуге уәде береді.
-Заман талабына сай жұмыста  планшеттерді қолдану тиімділігі қаншалықты?
-Иә, полиция қызметкерлері планшеттер арқылы хаттамалар жасайды. Бүгін барлық учаскелер қамтылған. Көптеген артықшылықтарға ие. Мысалы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды, хаттама жасамауға еш мүмкіндік жоқ...
-Алдағы уақытта полиция қызметкерлерін тағы да жаңашылдық күтіп тұрма?
– Жақын арада учаскелік және ювеналды полиция қызметкерлері бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі. Цифрландыру туралы айтатын болсақ, бүгінгі күні барлық құжат айналымы негізінен цифрлық форматта жүзеге асырылып жатыр. Қылмыстық істер бүгінде тек электронды түрде тергелуде. Жақында әкімшілік істер сотқа тек электронды пошта арқылы жіберіледі.
– Мақсүт Көшербайұлы, әңгімеңізге рақмет.

Интересное

Почему в ноябре выросли счета за отопление?
Новости Почему в ноябре выросли счета за отопление? strongВ нашу редакцию стали поступать звонки от горожан, обеспокоенных ноябрьскими квитанциями за отопление.…
Жұмысшы мамандықтар: нәтижелер мен келешек
Новости Жұмысшы мамандықтар: нәтижелер мен келешек Жітіқара политехникалық колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына арналған диалог алаңы өтті.br br Кездесуге…
Рабочие профессии: итоги и перспективы
Новости Рабочие профессии: итоги и перспективы В Житикаринском политехническом колледже прошла диалоговая площадка, посвящённая подведению итогов Года…
Возраст форме не помеха
Новости Возраст форме не помеха strongВиктор Качуровский. Я, как и десятки увлекающихся когда-то спортом людей помню его по одной фразе:…
Благодарность Казахстану
Новости Благодарность Казахстану strongЕуропалық Кеңес Президенті: /strongbr  – БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық қағидаттарына негізделген…

Смотрите так же

Новый налоговый кодекс.  Что нас ждет?
Новый налоговый кодекс. Что нас ждет? 2025-11-05, 04:06
Главное — оставаться собой
Главное — оставаться собой 2025-09-19, 11:23
Социальная поддержка через партнерство
Социальная поддержка через партнерство 2024-11-15, 10:33
И. Орумбаев: «Я благодарен маме»
И. Орумбаев: «Я благодарен маме» 2024-11-13, 05:01
«Мен анама алғыс айтамын,» - дейді И.Орумбаев
«Мен анама алғыс айтамын,» - дейді И.Орумбаев 2024-11-13, 04:13
Ровесник АО «Костанайские минералы»
Ровесник АО «Костанайские минералы» 2024-11-06, 05:03

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»