Жуырда Жітіқара ауданының әкімі Нұржан Өтегенов, аудан ақсақалдары мен Жітіқара аудандық мәслихаты депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Күн тәртібінде Жітіқара-Қостанай-Көкшетау- Астана бағыты бойынша тікелей теміржол жолаушылар қатынасын ашу мәселесі қаралды.
Бұл мәселе «Ақсақал кеңесі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен көтеріліп отыр. Себебі, теміржол бағытын іске қосу қажеттілігі бұрыннан бері келе жатқан өзекті жәй еді...
Өткен жазда аталған ұйым белсенділері бұл мәселені шешу үшін 2000-нан астам қол жинады.
Жиынның талқылау қорытындысы бойынша депутаттар Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне үндеу жолдау туралы шешім қабылдады. Оған негіз болып отырған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» жарлығы.
Бәсекелестік қоғамдағы артықшылықтар мен болашақтағы жоспарлар ескеріле отырып, облыстар мен қалаларды, ауылдық және шекаралас аймақтарды дамыту басты міндеттердің бірі болды. Жергілікті атқарушы биліктің қолдауына ие болған депутаттардың айтуынша, Жітіқара-Қостанай-Көкшетау-Астана бағытының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін арттырады. Өңірлер, қалалар мен ауылдар арасында да әлеуметтік қызметтер мен инфрақұрылымға қол жеткізудегі теңсіздікті азайтады. Жітіқара арқылы жолаушылар қатынасын талдау негізінде «Ақсақал кеңесі» үкіметтік емес ұйымы да Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осындай сұраныспен хат жолдады.
Маршрут "Житикара - Астана": быть или не быть?
В понедельник, 10 апреля, прошел круглый стол с участием акима Житикаринского района Нуржана Утегенова, аксакалов района и депутатов Житикаринского районного маслихата. На повестку дня был вынесен вопрос открытия прямого железнодорожного пассажирского сообщения по маршруту «Житикара – Костанай – Кокшетау – Астана».
Отметим, что эта тема поднимается по инициативе общественного объединения «Ақсақал кенесі». Летом прошлого года его активисты собирали подписи в поддержку решения этого вопроса. Более 2000 житикаринцев поддержали данную инициативу, ведь необходимость в запуске данного железнодорожного маршрута назревала уже давно.
В ходе заседания круглого стола, по итогам обсуждения, депутаты приняли решение направить обращение в Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК, главным аргументом которого стал указ главы государства Касым-Жомарта Токаева «Об утверждении Прогнозной Схемы территориально-пространственного развития страны до 2030 года». На его основании одной из ключевых задач было обозначено развитие регионов и городов, сельских и приграничных территорий с учетом конкурентных преимуществ и перспектив.
По мнению депутатов, которое, надо сказать, получило поддержку местной исполнительной власти, открытие маршрута «Житикара – Костанай – Кокшетау – Астана» будет способствовать улучшению социальной-экономической ситуации в регионе. Кроме того, это позволит повысить доступность благ и услуг в сфере здравоохранения и образования, а также снизить неравенства в доступе к социальным услугам, инфраструктуре как между регионами, так между городом и селом.
На основании анализа пассажирского потока через Житикару, свое письмо с аналогичной просьбой в Министерство индустрии и инфраструктурного развития направило и ОО «Ақсақал кенесі».