KM Quiz: күзгі кезеңнің үздіктері анықталды

~1 мин чтенияПросмотров: 33

Дәстүрлі KM Quiz зияткерлік ойыны білімін, логикалық ойлау қабілетін және командалық жұмыс дағдыларын сынауға дайын жітіқаралықтарды тағы да біріктірді. Жұма күні кешке өткен күзгі кезеңге 16 команда қатысты. Олардың қатарында бірнеше жылдан бері тұрақты қатысып жүрген командалармен бірге, биыл алғаш рет бақ сынаған жаңадан құрылған ұжымдар да болды.

Кештің ең тартысты сәттерінің бірі үшінші орын үшін өткен бәсеке болды. Бірден үш команда бірдей ұпай жинап, жүлделі орынның тағдыры шешуші кезеңнің нәтижесі бойынша анықталды. Нәтижесінде қола жүлдені KM Quiz ойынына алғаш рет қатысқан «Умысел на победу» командасы иеленді. Алғашқы қатысу — бірден үздік үштіктің қатарынан орын алу! Екінші орынды «ОПГ Строителей» командасы иеленсе, айқын басымдықпен жеңіске жеткен «МРЦ» командасы үздіктер көшін бастады. Жеңімпаз команда 60 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болып, KM Quiz финалына жолдама алды.

Поделиться записью

Оставьте комментарий