Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дәстүрлі «Өзін-өзі жеңу» трейлмарафоны өтті. Кедергілері мен ойлы-қырлы жерлері көп табиғи аумақта өткен жүгіру жарысына еліміздің түрлі өңірлерінен спортшылар қатысты. Олардың қатарында KM Run Club жүгіру клубында жаттығатын Жітіқара спортшылары да бар.
Клуб мүшелері барлық қашықтықта жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарыстың жүлделі орындарынан көрінді.
Марафонның басты жеңімпаздары Эльмира Алдамуратова мен Виктор Шугай атанды. Жарыстардың тұрақты чемпиондары бұл жолы да үздік нәтиже көрсетіп, Эльмира 22 шақырымдық, ал Виктор 44 шақырымдық қашықтықта абсолютті жеңімпаз атанды.
Өз санаттарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар қатарында:
* Ернар Кабулов – 22 шақырымдық қашықтықта 1-орын;
* Илья Шайхулов – 8 шақырымдық қашықтықта 2-орын.
Құттықтаймыз!