Тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

~1 мин чтенияПросмотров: 3

14 тамызда «Қостанай жастары» жас мамандарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады. Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Бағдарлама жастарға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие беруді көздейді және 18-34 жас аралығындағы барлық топтағы  мамандарға арналған.
Осы жылы бағдарлама облыстың барлық қалалары мен аудандарында іске асырылатын болады.

Бағдарламаға қатысушылар үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1.Жеке куәлік;
2.Фирмалық бланкіде жұмысқа қабылдау күнін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;
3.Соңғы 6 айдағы міндетті зейнетақы жарналарымен расталған тұрғын үй сатып алынатын қала аумағында жұмыс өтілінің болуы;
4.Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы туралы анықтама;
5.Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді ұсыну – электрондық үкіметтен Жеке кабинетте скрининг ұсынылады («мүлік»сілтемесі).
Құжаттарды ТКШ бөліміне сағат 14.08-ден 1.09-ға дейін тапсыру қажет, анықтама алу үшін-21779 жастар ресурстық орталығына, ЖЖОКБҰ-23774 немесе «Бибигон» СҮ «Отбасы Банкі»консультантына жүгіну қажет.

Поделиться записью