Виктор Шугай – облыстық дода жеңімпазы

~1 мин чтенияПросмотров: 24

Қостанай қаласында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өрттің алдын алуға арналған жүгіруден жарыс өтті. Сайысқа қатысушылар арасында «Қостанай минералдары» АҚ-ның Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушісі әрі KM Run Club мүшесі Виктор Шугай ерекше көзге түсті.

10 шақырымдық қашықтықта ол үздік нәтиже көрсетіп, межені 32 минут 30 секундта бағындырды. Осылайша Виктор жарыстың абсолютті жеңімпазы атанып, додадағы басты марапат – Өрт сөндірушінің Алтын белбеуіне ие болды.
Спорт Виктордың өмірінде маңызды орын алады. Тұрақты жаттығу, төзімділік пен алға қойған мақсатқа деген табандылық оған кәсіби қызметінде де, спорттық жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп келеді. Сондықтан да KM Run Club мүшелері түрлі жарыстарда жүлдегерлер мен жеңімпаздар қатарынан көрініп, «Қостанай минералдары» АҚ-ның абыройын лайықты қорғап жүр.

Виктор Шугайды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, толағай табыс және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

Поделиться записью

Оставьте комментарий