Жүзу бойынша жеңімпаздар

~1 мин чтенияПросмотров: 17

Аякөз Сұлтан

 

20 қаңтарда Жітіқараның– «Алматы-аты» бассейнінде — кәсіпорынның жыл сайынғы спартакиадасы аясында «Қостанай минералдары» АҚ қызметкерлері мен серіктес кәсіпорындар арасында жүзу бойынша жарыстар өтті.

 

Жарыстар жеке есеп, сондай-ақ әйелдер мен ерлер командалары арасында өткізілді. Бассейн залындағы бәсекелестік  пен  жанкүйерлердің айқайы жарысты онан сайын  қыздырды. Орындар жарыс қорытындысы бойынша көрсетілді:
Жеке есеппен қыздар командасы:
1 орын-Бортник Елена, 
2 орын-Ирина Заманова, 
3 орын-Елена Кривоносова, 
Жеке есеппен ерлер арасында бірінші орын үшін қызу күрес басталып, онда қатысушылар тек 0,18 секундқа бөлінді: 
1 орын – Сергей Сопронюк,
 2 орын – Андрей Кривченко, 
3 орын-Әлібек Аймұхамедов, 
 Жалпы есеппен әйелдер командасы: 
1 орын-Тау-кен көлік кешенінің командасы, 
2 орын — «Қостанай минералдары» АҚ басқарма командасы,
3 орын – энергия  басқару командасы, 
Жалпы есеппен ерлер командасы: 
1 орын — «Қостанай минералдары» АҚ басқарма командасы, 
2 орын – байыту кешенінің командасы, 
3 орын — «Қостанай минералдары» АҚ мемлекеттік емес, өрт сөндіру қызметкерлері командасы.
Сондай-ақ, жеңіске деген ерік-жігері үшін ТКК ерлер командасы марапатталды. ТКК әйелдер командасы қатысушыларының айтуларынша, жеңіс оларға жарқын жағымды көңіл-күй сыйлады, себебі олар оны көптен күткен болатын. Биыл олар команданы күшейтіп, дайындықпен келген, соған  лайықты нәтиже көрсете білді. Бұған дейін біріншілік «Қостанай минералдары»АҚ Басқарма командасына тиесілі болған еді. 


Құттықтаймыз!

Поделиться записью

Оставьте комментарий