Жаға 5,4 тонна қоқыстан тазартылды

~1 мин чтенияПросмотров: 26

Өткен демалыс күндері «Қостанай минералдары» АҚ қызметкерлері Шортанды өзенінің жағалауында дәстүрлі жыл сайынғы тазалық акциясын өткізді. Қолдарына қолғап пен қап ұстаған қатысушылар бірлескен еңбектің нәтижесінде 5,42 тонна қоқыс жинап, арнайы орындарға шығарды.

 

Экологиялық шара «Таза жағалау» акциясы және республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Компания үшін мұндай сенбіліктер жақсы дәстүрге айналған әрі қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның тұрақты даму стратегиясында экология мәселесі басым бағыттардың бірі саналады. Осы мақсатта компанияда су ресурстарын ұтымды пайдалануға, өндірістік қалдықтарды кезең-кезеңімен азайтуға және Жітіқара қаласын көгалдандыруға бағытталған «KM-GREEN» корпоративтік бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді.
Шортанды өзені – өңір экожүйесінің ажырамас бөлігі. Сондықтан табиғаттың игілігін көріп отырған әрбір азамат қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, оған келтірілетін әсерді барынша азайтуға күш салуы тиіс.

Өзен жағалауын таза ұстайық, табиғатты аялауға үлес қосайық және Жітіқараның экологиялық таза әрі тұрақты болашағын бірге қалыптастырайық!

Поделиться записью

Оставьте комментарий