Жітіқара ауданында жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр

~1 мин чтенияПросмотров: 3

Кезекті аппараттық кеңесте жылыту маусымына дайындық мәселесі көтерілді. Ауданның жылу энергетикасы саласын дамытуға биыл республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер қаражатынан 811 690 мың теңге қарастырылды.

Жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар аясында 4 бу және 4 су жылыту қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айта кетейік.  Жылу желілерінің кейбір учаскелері де жөнделді. Сонымен қатар, Байтұрсынов көшесінен телеорталыққа және 8 шағын ауданға қарай жылу желісін ағымдағы жөндеуге қосымша 14 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, жылу желілерінің тағы 5 учаскесіне жөндеу жүргізу жоспарлануда, осы жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген, бірақ оларды іске асыру келесі жылы жүзеге асырылады.

Жылыту маусымы — үш күн ішінде орташа тәуліктік температура 10 ºC деңгейінде орнатылғаннан кейін, әдеттегіден ертерек басталуы ықтимал.

Поделиться записью