«ҚМ» АҚ-да «мектепке жол» акциясы басталды

~1 мин чтенияПросмотров: 2

Биыл балалары бірінші сыныпқа баратын   кәсіпорынның әрбір қызметкері жұмыс берушіден 10 мың теңге көлемінде төлем ала алады.
Төлемді ресімдеуге арналған құжаттар:
— баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
— оқу орнынан анықтама;
— туу туралы куәліктің көшірмесі.
Акция аясында жыл сайынғы материалдық көмекті өз балаларын мектепке дайындау үшін қызметкерлер де ала алады (1-11 сынып оқушылары).
Бұл төлем өтініш берушінің 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы орташа айлық табысы ескеріле отырып тағайындалады.
Төлемді ресімдеуге арналған құжаттар:
— баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
— әрбір оқушыға оқу орнынан анықтама;
— туу туралы куәліктің көшірмесі (18 жасқа дейінгі әрбір балаға).
Құжаттар «Қостанай минералдары» АҚ Басқармасының №39 кабинетінде қабылданады. Қабылдау мерзімі: 20 шілде -10 тамыз аралығы.
Қабылдау уақыты: 10.00 — ден 12.00-ге дейін, 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Поделиться записью