«KM Run Club» жүгірушілері маусымды «Turkistan Marathon» жарысымен аяқтады

~1 мин чтенияПросмотров: 20

«Қостанай минералдары» АҚ-ның «KM Run Club» жүгіру клубының спортшылары халықаралық «Turkistan Marathon» марафонына қатысты. Клуб жетекшісі Эльмира Алдамұратова биыл төртінші рет жеке рекордын жаңартып, өз жас санатында екінші орын алды.

Жарыс 25 қазанда Түркістанда өтті және Республика күніне арналды. Марафон бесінші рет ұйымдастырылды. Сөреге әлемнің 20-дан астам елінен 3000-ға жуық қатысушы шықты.

Марафонда кәсіпорын атынан клубтың екі жүгірушісі өнер көрсетті. Мотивация жөніндегі маман Эльмира Алдамұратова қашықтықты 3 сағат 21 минут 11 секундта жүгіріп өтті. Бұл оның бұрынғы жеке рекордынан үш жарым минутқа жылдам. Сонымен қатар ол өз жас санатындағы әйелдер арасында екінші орынға ие болды. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндірушісі Виктор Шугай мәреге үш сағаттан аз уақытта жетті, оның нәтижесі – 2 сағат 58 минут 33 секунд.

«”Turkistan Marathon” бесінші рет өтті, шағын мерейтой секілді болды. Біздің спортшылар жақсы жүгірді. Эльмира нәтижесін үш жарым минутқа жақсартып, екінші орын алды, ал Виктор “3 сағаттан жылдам жүгіру” жоспарын орындады. Бұл – үлкен жетістік! Виктор мен Эльмираның нәтижесі – еңбекқорлық пен тәртіптің көрсеткіші», – деп атап өтті клуб жаттықтырушысы Юрий Овечкин.

Поделиться записью

Оставьте комментарий