«Ыбырай Алтынсарин оқулары»: Жітіқарада ауданның үздік жас оқырмандары анықталды

~2 мин чтенияПросмотров: 32

6 қарашада Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектепте «Ыбырай Алтынсарин оқулары» аудандық байқауы өтті. Оны Жітіқара ауданының білім бөлімі жерлесіміз, ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырды.

Байқау қазақ тілінде екі номинация бойынша өтті. «Мәнерлеп оқу» номинациясында 35 оқушы Ыбырай шығармаларын жатқа оқыды. «Сахналық қойылым» номинациясында 20 оқушы ұлы ағартушының әңгімелері бойынша сахналық көріністер ұсынды. Байқауға қазақ және орыс тілінде білім беретін мектептер қатысып, олар жеке бағаланды.

Білім бөлімінде атап өткендей, қатысушылар байқауға тиянақты дайындалған. Олардың арасында ана тілі қазақ тілі емес 16 оқушы болды. Олар тапсырмаларды сәтті орындап, кейбірі тіпті жүлделі орындарға ие болды.

🏆 Бас жүлде
• 6–8 сыныптар — Диана Дарханбекова, Е. Есжанов атындағы №9 ЖББМ
• 9–11 сыныптар — София Франк, №10 ЖББМ

🥇 Мәнерлеп оқудағы І орын — Жансерік Әкімалов (Абай атындағы мектеп-лицей) және Асель Туяшева (№12 ЖББМ).

🎭 Үздік қойылым — Абай атындағы мектеп-лицейдің «Бай баласы мен жарлы баласы» қойылымы. ІІ орын гимназияның «Асан мен Үсен» қойылымына берілді. ІІІ орынды №12 ЖББМ («Таза бұлақ») мен №1 негізгі орта мектеп («Шеше мен бала») бөлісті.

Қазылар алқасы мәнерлеп оқу бойынша барлығы 14, сахналық қойылым бойынша 4 жүлделі орын берді.

Оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтаймыз! 👏

Дереккөз: Жітіқара ауданының білім бөлімі (@jitiqara_bilim_bolimi)

Поделиться записью

Оставьте комментарий