«ҚМ» ардагерлері зират аумағын тазартты

~1 мин чтенияПросмотров: 10

Бұл – «Қостанай минералдары» АҚ Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері мемориалдық кешен аумағында өткізілген үшінші тазалық жұмысы.

Санитарлық тазалау жұмыстарына 8 адам қатысты. Олардың бесеуі – кәсіпорынның зейнеткерлері, үшеуі – «Соцсервис» ЖШС қызметкерлері. Жиналған қоқысты тиеу және тасымалдау үшін жүк көлігін қала әкімдігі ұсынды.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қатысушылар зират аумағындағы жолдар мен жерлеу орындары секторын жиналып қалған қоқыстан, қураған ағаштардан және ірі көлемді қалдықтардан тазартты.
«ҚМ» АҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Игорь Гусевтің пікірінше, мұндай сенбіліктерді жүйелі түрде өткізу қала аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.

Поделиться записью

Оставьте комментарий