Жітіқарада турникке тартылудан турнир өтті

~2 мин чтенияПросмотров: 8

8 бен 57 жас аралығындағы 70 жітіқаралық «Jitiqara Arena» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашық алаңына жиналып, турникке тартылудан мықтыларды анықтады. Күштік көпсайыстан өткен ашық турнирге спортты енді бастаған әуесқойлар мен ауданның тәжірибелі спортшылары қатысты.

 

Жарыс 18 қазанда Қазақстан Республикасының күніне орай ұйымдастырылды. Турнирді тікелей ұйымдастыру мен өткізу міндетін «KM RUN CLUB» жүгіру клубы атқарды. Спорттық шараның демеушілері мен серіктестері – «Қостанай минералдары» АҚ және Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі.
Турникке тартылу сайысы қатысушылардың жоғары белсенділігімен және жанкүйерлердің қызу қолдауымен ерекшеленді. Турнирдің абсолютті рекордын Сергей Руднев орнатып, турникке 37 рет тартылды. Әйелдер арасындағы санатта жалғыз қатысушы болған жас спортшы Самира Жүсубекова 11 рет тартылып, жақсы нәтиже көрсетті.
Жас ерекшеліктері бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

2013 жылы туғандар және одан кіші қатысушылар:
1. Даян Муслиман, 2. Әмір Гамадаев, 3. Бекзат Тапаев, 4. Самира Жусубекова
2008–2012 жылы туғандар:
1. Роман Овчарук, 2. Ислам Жалғасов, 3. Данил Жигалов
18–23 жас:
1. Юрий Тарасюк, 2. Артур Толстолуцкий, 3. Рустам Нурушев
24–34 жас:
1. Сергей Руднев, 2. Дәулет Кенжебулатов, 3. Руслан Жулбасаров
35–45 жас:
1. Аслан Аскеров, 2. Ермек Испулов, 3. Сергей Морозов
46 жас және одан жоғары:
1. Андрей Базаркин, 2. Алихан Айсаринов, 3. Жарасқан Мақатов.

Поделиться записью

Оставьте комментарий