• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Жаңа жеңіс – дамудың жаңа жолы

2024-02-28, 11:28

Карина Әлжан

 

Жітіқара политехникалық колледжі облыстағы үздік оқу орындарының бірі. Аталмыш білім ордасының еңбек нарығында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауда атқарып жатқан жұмысы орасан зор. Бұған қоса, колледж студенттері мен оқытушылары да түрлі облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындардан көрініп, оқу орнының атағын асқақтатып жүр. Бұл жолы өзі білім беретін колледждің ғана емес, Жітіқара ауданының намысын республикалық деңгейде арнайы пән оқытушысы Тимур Исмурзинов қорғаған болатын. Ол электрмен жабдықтау мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің республикалық олимпиадасына қатысты. 

 

Олимпиадада Қазақстанның әр өңірінен, соның ішінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған, Шымкент, т.б. өңірлерден барлығы 94 мұғалім мен өндірістік оқыту шеберлері бақ сынасты. Олимпиада екі кезеңде өтті: I кезең – теориялық, яғни екі модульден тұрды – тестілеу және онлайн форматта схемаларды құрастыру. Ал, екінші тәжірибелік кезең Қостанай политехникалық жоғары колледжінде өтті. Мұнда өндірістік оқыту шеберлері олимпиаданың үшінші модулі бойынша сынға түсті. Ол стендте асинхронды қозғалтқышты іске қосу үшін реверсивті схеманы құрастыруды қамтиды: қажетті компоненттерді (амперметрлер, конденсаторлар, электр қозғалтқышының орамдары, басқару схемалары) модульдік қосу қажет болды.

Олимпиада өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын ғана емес, сыни және шығармашылық ойлау, қарым-қатынас және топта жұмыс істеу қабілеттерін көрсеткен мұғалімдер мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби өсуінің тамаша алаңына айналды. Сөйтіп, республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бірінші кезеңде Тимур Исмурзинов Гран-при иеленсе, екінші кезеңде жүлделі орын алды. Айта кету керек, бұл оның бірінші жетістігі емес, республикалық мәртебелі байқауларда арнайы пән оқытушыларының үздік үштігіне бірнеше рет енген Тимур Исмурзиновтың еңбегі облыс көлемінде де аталып өтуде. Өткен жылы білім мен ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін есімі облысымыздың жұлдызды жастарының кітабына енді. Электр монтаждау жұмыстарының World Skills саласының бас маманы Исмурзиновтың ұстаздық шеберлігі оның шәкірттерінің жетістіктерімен расталады. Соңғы «World Skills Kostanay-2023» облыстық чемпионатында «Электр монтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Тимур Серікұлының шәкірті Сергей Апелганс бірінші орынды иеленді.

«Республикалық олимпиадаға қатысудың өзіме де, шәкірттеріме де берген нәтижесі зор болды. Сондай сайыстардың арқасында жинақталған баға жетпес тәжірибе мен шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға, өз біліктілігімізді арттыруға және кәсіби-педагогикалық шеберлікті дамытудың жаңа жолдарын түсінуге тамаша мүмкіндіктер берді», - дейді  Тимур Исмурзинов.
Жітіқара политехникалық колледжінің барша ұстаздарын құттықтап, алдағы уақытта табыс тілейміз.

Интересное

Отчетные встречи акима Житикаринского района Аслана Жаныспаева с жителями
Новости Отчетные встречи акима Житикаринского района… В селах Забеловка и Чайковское прошли отчетные встречи акима Житикаринского района Аслана Жаныспаева…
«Житикаракоммунэнерго» готовится получить лицензию на энергоснабжение
Новости «Житикаракоммунэнерго» готовится получить… Тема коммунальных платежей продолжает волновать житикаринцев. Существенным влиянием на тарифы остается…
Озеленение продолжается - традиция которая прижилась!
Новости Озеленение продолжается - традиция которая… strongВ АО Костанайские минералы продолжается реализация экологической стратегии KM Green Ecosystem.…
ЖИЗНЬ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ТАМ, ГДЕ О НЕЙ ЗАБОТЯТСЯ
Новости ЖИЗНЬ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ТАМ, ГДЕ О НЕЙ ЗАБОТЯТСЯ strongСела являются главными продовольственными источниками нашей страны. Когда-то они активно развивались…
18-я церемония вручения именной премии  «Алтын қанат»
Новости 18-я церемония вручения именной премии «Алтын… Именная премия Алтын қанат уже много лет является неотъемлемой частью празднования Дня предприятия. В…

Смотрите так же

Виктор Шугай стал чемпионом республиканского забега
Виктор Шугай стал чемпионом республиканского забега 2025-10-14, 10:15
Вместе сквозь годы!
Вместе сквозь годы! 2025-09-19, 11:13
«Секрет счастья - это говорить друг с другом»
«Секрет счастья - это говорить друг с другом» 2025-09-17, 02:35
Семья в ритме «КМ»
Семья в ритме «КМ» 2025-09-17, 02:05
Жітіқарада көпсайыс бойынша алғашқы СШК
Жітіқарада көпсайыс бойынша алғашқы СШК 2024-11-21, 09:00
Бег, плавание, стрельба и гранаты. Как совмещать тренировки и работу рассказал первый КМС по многоборью в Житикаринском районе Роман Киселев
Бег, плавание, стрельба и гранаты. Как совмещать тренировки и работу рассказал первый КМС по многоборью в Житикаринском районе Роман Киселев 2024-11-21, 08:59

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»