«Қостанай минералдары» АҚ Спартакиадасының кезекті кезеңі – үстел теннисінен жарыс мәресіне жетті.
Жарыс тартысты өтіп, бірінші орын үшін бәсеке соңғы кезеңдерге дейін жалғасты.
Турнир қорытындысы:
1-орын – Байыту кешенінің командасы;
2-орын – «МехЛитКом» ЖШС командасы;
3-орын – Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет командасы;
Хризотил филиалының жүлдесі – Автокөлік кәсіпорнының командасына бұйырды.
Турнирдің үздік ойыншысы болып Байыту кешенінің аға шебері Андрей Бисембаев танылды. Ол жоғары спорттық нәтижесі, шеберлігі, жеңіске деген жігері және ойын барысындағы лайықты өнері үшін марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Турнирге қатысып, өз шеберліктерін танытқан барлық командаларға алғыс білдіреміз. Спорттық бәсеке қатысушылардың бірлігі мен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте көрсетті.