Қонақтар шеберлік танытты

~1 мин чтенияПросмотров: 4

Қостанай облыстық құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен футзалдан алғашқы турнир өтті. Жарысқа қатысқан «Қостанай минералдары» АҚ қызметкерлері жоғары дайындық деңгейі мен командалық үйлесімділігін көрсетті.

Турнирде төрт команда өзара бақ сынады. Олардың үшеуі «Қостанай минералдары» АҚ атынан қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының командасы иеленді. Екінші орын «Қостанай минералдары» АҚ Басқармасының командасына бұйырса, үшінші орынды НППС командасы алды. Ал «Қостанай минералдары» АҚ Көлік-кен кешенінің командасы «Жеңіске деген жігері үшін» грамотасымен марапатталды.
Турнирдің үздік ойыншысы атағы «Қостанай минералдары» АҚ коммерциялық бөлімінің менеджері Алексей Ащеуловқа берілді.
Турнир тартысты өтіп, жанкүйерлердің белсенді қолдауына ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта жарысты жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, жаз мезгілінде футболдан, ал қыс мезгілінде футзалдан турнир ұйымдастыру дәстүрге айналмақ. Мұндай спорттық іс-шаралар еңбек ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануына және бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді.

Поделиться записью

Оставьте комментарий